Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (2323)

Әлемді құтқару оңай емес, алайда адамды құтқаруға толық мүмкіндік бар.

Ілмектер: құтқару, адам, әлем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иосиф Бродский

Біреумен бақытсыз болғаннан гөрі жалғыз жүрген артық.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мэрилин Монро

Әркім түсінгенін естиді.

Ілмектер: түсінік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте

Анаң аңырап қалмайғай.

Ілмектер: ана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жез қарғылы құба арлан қорашыл төбет болған күн.

Ілмектер: төбет, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Адамға сырттан ғайбат жарамайды.

Ілмектер: ғайбат, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Қыңыр сөз – күйдіргі.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ашуға бой алдыра бермей, бәрін ақылға салып шешіңіз. Себебі ашудың арты жақсылыққа апармайды.

Ілмектер: ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иосиф Бродский

Өмірінде бір рет сатқындық жасаған адам, екінші рет оны міндетті түрде қайталайды.

Ілмектер: сатқындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майк Тайсон

Құрсағы құшақ байлардан дәулет.

Ілмектер: дәулет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Тең атаның ұлы едің: дәрежеңді артық етсе – тәңірі етті.

Ілмектер: ата, ұл, дәреже, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Ақ қаудың астығы жоқ шайнағанмен,
Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен.
Көнбейді жаман адам ынтымаққа,
Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен.

Ілмектер: пайда, ынтымақ, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Сіз бірдей көзқарас пен ойлау жүйеңізді өзгертпесеңіз, туындаған проблеманы ешқашан шеше алмайсыз.

Ілмектер: проблема, шешім, көзқарас, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Ғұлама болудың құпиясы – жұмыс, бірбеткейлік, сананың саулығы.

Ілмектер: ғұлама, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құпия Томас Эдисон

Суретшілік – соқырлардың жұмысы. Суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді.

Ілмектер: суретші, сурет, сезіну, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пабло Пикассо

Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді.

Ілмектер: дерт, денсаулық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Фуллер

Жалғыз көпке теңеліп, кегін бір алмас демеңіз.

Ілмектер: жалғыз, кек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Тұсында болған мәртті қорлама – табылмайды керекте.

Ілмектер: қорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Алтынды орағанмен жез болмайды,
Жібекті жуғанменен бөз болмайды.
Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай,
Жаманның көкейінде көз болмайды.

Ілмектер: жаман, алтын, жібек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Адамның өзінің ақшасынан, үй–жайынан, қора–қонысынан айырылуы аянышты емес, мұның бәрі адамға тиесілі емес. Ал адам өзінің шын меншігі – өзінің адамдық қадір–қасиетін жоғалтса, бұл енді аянышты–ақ.


Ілмектер: ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қадір, қасиет Эпиктет