Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (33)

Нығметтің қадірі жоғалғанда білінеді.

Ілмектер: нығмет, қадір, жоғалту Әбу Райхан Беруний

Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін.

Ілмектер: қадір, қасиет, сана, су, ел, нақыл, афоризм Асан қайғы

Күндi де бұлт қамайды мылқау бұл деп,
Жерде де асылдарды құртар күндеп.
Көп жабы көлденеңдеп көсiлгенмен,
Қадiрiн серiктестiң тұлпар бiлмек.

Ілмектер: қадір, бұлт, мылқау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фариза Оңғарсынова

Амандықта қадір жоқ - алдырған күні білерсің,
Денсаулықта қадір жоқ - ауырған күні білерсің.
Қолда бар жақсының қадірі жоқ - айырылған күні білерсің.

Ілмектер: денсаулық, қадір, нақыл, афоризм Би-шешендер

Қадірін жеңге білмесе - бой жеткенмен қыз ғаріп,
Замандасы қалмаған қария болар - шын ғарып.
Ата жұрты, бұқара өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп.
Надандықтың белгісі - тілін алмау білгеннің.
Шамаңша шалқып жүре бер - қабірге әзір қоймаса,
Артыңда қалар атақ жоқ - тіріде даңқың болмаса.

Ілмектер: даңқ, жеңге, қадір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ғарып, қария, надан Асан қайғы

Көп сөйлейтін және аз жұмыс істейтін атақты адамдар тез және із-түссіз жоғалады. Әрекет — бұл ұлылықтың қадірі.

Ілмектер: қадір, атақ, нақыл, афоризм, әрекет, қанатты сөздер, ұлылық Хосе Хулиан Марти

Сөздің жаны бар, әр сөзі аузға Алла салады. Баршамыз сөзің қадірін түсінуді жазсын.

Ілмектер: сөз, қадір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын

Сұлулық – әйелдің бақыты, қадіріне жетпесе - соры

Ілмектер: Сұлулық, әйел, бақыт, қадір, сор, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Тегін емдеме, тегін емдесе дәрігердің, тегін емделсе науқастың қадірі кетеді.

Ілмектер: тегін, денсаулық, дәрігер, ем, науқас, қадір Гиппократ

Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.

Ілмектер: қан, қасиет, қадір, нақыл, афоризм Дінмұхамед Қонаев

Мадақтау мен жазалауды қадірін кетіріп жөнсіз қолданба.

Ілмектер: Мадақтау, жазалау, қадір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сиыр сипағанды, жаман адам қадірді білмейді.

Ілмектер: қадір, сиыр, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Арпалыспен келмесе, шынайы азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?

Ілмектер: азаттық, қадір, Қолдағының қадірі Нұрсұлтан Назарбаев