Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (102) Өлеңдер (39) Жоспарлар (27) Ұлағатты сөздер (8)

Тәуелсiздiктiң алғашқы жемiстерiн көргенге дейiн Қазақстанға мемлекеттiк өзiн танытудың тар жол, тайғақ кешуiнен өтуге тура келдi.

Ілмектер: тәуелсіздік, Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев

Тәуелсiздiктiң бiздiң бәрiмiзге артар мiндетi мол. Ендi еңселi ел болудың жолына шындап түсуiмiз керек. Әулетiмiздiң асуы да, дәулетiмiздiң тасуы да өз қолымызда. Тарих көшi ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елiмiзде дәулеттi де сәулеттi өмiр орнайтынына кәмiл сенемiн.

Ілмектер: тәуелсіздік, тарих, ел, халық, Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев

Өз Тәуелсiздiгiн алған соң Қазақстан Республикасы дәл осы Пирамиданың жақтарындай болып дүниенiң төрт бұрышына бiрдей айқара есiк ашты. Адамзаттың бәрiн ұлтына, дiнiне, нәсiлiне қарамай теңдей көрiп, ыстық құшағына алды.

Ілмектер: тәуелсіздік, Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның егемен, тәуелсiз мемлекет ретiнде орныққаны айқын болып отыр. Бiз әлемдiк қауымдастыққа абыройлы кiрiгiп, өз айналамызда қолайлы халықаралық ахуал қалыптастыра алдық, әлемнiң жетекшi елдерiмен саяси, экономикалық және мәдени салаларда ынтымақтастықты жолға қоя бiлдiк.

Ілмектер: тәуелсіздік, Қазақстан, егемен, мемлекет, экономика Нұрсұлтан Назарбаев

Бүгiнгi өз келешегiне бет алған тәуелсiз Қазақстан – бұл бiздiң ортақ жетiстiгiмiз, бұл бiздiң ортақ мақтанышымыз! Өз сөзiмдi аяқтай келе, мен бүкiл көпұлтты Қазақстан халқына отансүйгiштiгi мен ел игiлiгi және елiмiздiң Тәуелсiздiгi жолындағы жасампаздық еңбегi үшiн алғысымды айтқым келедi.

Ілмектер: тәуелсіздік, тәуелсіз, Қазақстан, халық Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.

Ілмектер: Қазақстан, болашақ, қазақ тілі Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекеттік тілді құрметтеу Қазақстан азамат­тарының міндеті болып саналады. Мемлекеттік тілді төмендету, менсінбеушілік пен сыйламаушылық іс-әрекеттері және оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін басқа да ашық және астыртын жұмыстарды жүргізуші азаматтар мен қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер заң бойынша жазаға тартылады.

Ілмектер: Конституция, Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Мемлекеттік тіл, тіл, қазақ тілі, Қазақстан Қазақстан Республикасының Конституциясы

Егер Қазақстанды мекендейтін көп ұлттың әрбір азаматы Қазақстанды, қазақты, оның тілін, салт-дәстүрін, мінез-құлқын, жер-суын Бельгерше түсініп, Бельгерше біліп, Бельгерше сыйлап, құрметтесе, онда бұл елде Құдай сүйгендер ғана тұрып, жұмақ орнар еді...

Ілмектер: Қазақстан, ұлт, Бельгер, Қоғам Шерхан Мұртаза