Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (10)

Сіздің әл-ауқатыңыз Сіздің шешімдеріңізге байланысты.

Ілмектер: әл-ауқат, шешім Джон Дэвисон Рокфеллер

Ұлы шешімнің бастамасы өзіңізге деген сенімділікте жатыр.

Ілмектер: шешім, бастама, сенімділік Сэмюэл Джонсон

Әйелдер әрдайым ер азаматтарынан адалдықты күтеді. Жылағанда жұбанышы, құлағанда қуанышы болғанды қалайды. Қандай да болмасын шешімді бірге қабылдағысы келеді.

Ілмектер: әйел, ер, жұбаныш, шешім Агата Кристи

Құндылықтарыңның не екенін білгенде шешім жасау қиын емес.

Ілмектер: құндылық, шешім Рой Дисней

Адамдардың көбісі ауыр мәселенің шешімі жоқ деп ойлайды. Алайда барлық жерден шығатын жол бар екенін ұмытпаңыздар.

Ілмектер: адам, шешім, жол Сергей Довлатов

Шатысқан істің шешімі - шыдам.

Ілмектер: іс, шешім, шыдам, шыдамдылық Құтып

Егер алдыңызда тұрған мәселе шешілетін болса, сары уайымға салынудың қажеті жоқ. Егер шешілмейтін мәселе болса, ол үшін қайғырудың мән-мағынасы жоқ.

Ілмектер: уайым, мәселе, шешім, қайғы Далай-Лама

Ақыр соңында, шешімді бәрібір ересектер қабылдайды, жастар емес. Алайда сол жастар ертеңгі күні ересекке айналып, оларға да шешім шығаратын күн туады да, олар әлгі шешімдерге назар аударады. Міне сол кезде олар алдыңғы ересек ұрпақты дұрыс шешім қабылдағаны үшін мақтан тұтатындай болуы тиіс.

Ілмектер: шешім, жастар, ересек, болашақ, ұрпақ, мақтану Ли Куан Ю

Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде бәрі астан-кестен болып жатқанда сенімен кімнің қалатынын білу үшін, қате шешім қабылдауың керек.

Ілмектер: сенім, дауыс, шешім Пауло Коэльо

Сіз бірдей көзқарас пен ойлау жүйеңізді өзгертпесеңіз, туындаған проблеманы ешқашан шеше алмайсыз.

Ілмектер: проблема, шешім, көзқарас, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн