Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (20) Ұлағатты сөздер (13)

Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады

Ілмектер: Талап, тас, шеге Бауыржан Момышұлы

Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.

Ілмектер: талап, үміт, халық Ахмет Байтұрсынұлы

Егер менен педагогикалық тәжірбиеңізге бір сөзбен анықтама беріңізші деп сұраса, былай дер едім: адамға мүмкіндігінше көбірек талап қойыңыз, адамды мүмкіндігінше көбірек сыйлаңыз.

Ілмектер: педагогика, тәжірибе, адам, талап, сыйлау Антон Макаренко

Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Ілмектер: талап, білім, өнер, ақыл Шәкәрім Құдайбердіұлы

Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.

Ілмектер: ұстаз, ғибрат, білім, ынта, талап, құштарлық, от, еңбек, мақтаныш Василий Сухомлинский

...арманның іске талаптандыратын пайдасы...адамның қуатын көтермелеп, күшейтіп отырады.

Ілмектер: арман, талап, қуат, күш Дмитрий Иванович Писарев

Не нәрсе талаптансаң табылады.

Ілмектер: талап Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады.Оған жету үшін талмай ізденіңдер!»- дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады.

Ілмектер: жастар, талап, өмір Ғабит Мүсірепов

Қыздың қатаңдығы мен талап қойғыштығы бар жерде жігіт нағыз еркек боп шығады.

Ілмектер: талап, қыз, қатаңдық Василий Сухомлинский

Талант - табиғаттан, талап - өзіңнен.

Ілмектер: талант, табиғат, талап, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық.

Ілмектер: ақыл, ой, талап, сабыр, халық, арман, ар, өмір, сыйластық Төле би Әлібекұлы

Әскерден ең бірінші темірдей төзім талап етіледі; ерлік — екінші орындағы нәрсе.

Ілмектер: төзім, әскер, ерлік, талап, нақыл, афоризм Наполеон Бонапарт