Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (11)

Талант – халық қазынасы. Талантты қадірлемеу халықтың намысына тиеді.

Ілмектер: талант, намыс, халық, қазына Қадыр Мырза Әли

Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдыраушылыққа, жалқаулыққа, зерігушілікке, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеп соғады, табиғи талантын мұқалтады.

Ілмектер: еңбек, адам, жалқаулық, талант, зерігу Тәжібаев Төлеген

Тұншыққан талант – кесек тұздан арзан. Табысты адам мен талантты адамның жалғыз айырмашылығы – ерінбей еңбек етуінде.

Ілмектер: талант, табысты, адам, еңбек, еріншектік Стивен Кинг

Сурет салуға, мүсін жасауға, ән айтуға, өлең шығаруға қаншалықты талант керек болса, махаббатқа да соншалықты талант керек.

Ілмектер: сурет салу, мүсін жасау, талант, ән, өлең, махаббат Александр Куприн

Егер адам тұла бойы түгелімен жалғандыққа берілсе, ақыл-ой талантынан айрылатыны айдан анық.

Ілмектер: жалған, өтірік, талант, ақыл, ой Виссарион Белинский

Кем талант - кемтар талант.

Ілмектер: талант Асқар Сүлейменов

Кем талант - мүмкіндігінше, шын талант - қалағанынша жазады.

Ілмектер: талант Асқар Сүлейменов

Ерекше талант иесі болуың мүмкін, алайда дайындалмасаң, жаттықпасаң бәрі желге кетеді

Ілмектер: талант, дайындық, жаттығу Майкл Джексон

Талантқа қанат болар сезім емес, сенім болуы керек.

Ілмектер: талант, сезім, сенім Ғабит Мүсірепов

Таланттылар - раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады.

Ілмектер: талант, нақыл, афоризм Шерхан Мұртаза

Талант - табиғаттан, талап - өзіңнен.

Ілмектер: талант, табиғат, талап, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев