Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (53) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (437) Ұлағатты сөздер (229) Әзіл, анекдоттар (1)

Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.

Ілмектер: сөз Абай Құнанбайұлы

Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға,
Мойның бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға.

Ілмектер: ер, есеп, сөз, көңіл Асан қайғы

Шешен сол - сөйлер сөзден қамалмаса,
Жақсы сол - істер ісін тәмамдаса.

Ілмектер: шешен, жақсы, сөз, іс Шал Құлекеұлы

Әр заманның өзіне лайық сөзі болады.

Ілмектер: сөз, асыл сөз Базар Оңдасұлы

Кей жаманның сөзі бар - ызғары қатты ащы удай,
Кей жақсының сөзі бар - лебі кәусар бал судай.

Ілмектер: сөз, жақсы, жаман Базар Оңдасұлы

Асыл сөз - аз, қалжың сөз - көп.

Ілмектер: сөз, қалжың Иүгінеки Ахмед

Жаманға оқ өтсе де - сөз өтпейді.

Ілмектер: жаман, сөз Ғабит Мүсірепов

Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,
Әдетің - мінезіңе айналады.
Мінезің - сенің тағдырың.

Ілмектер: сөз, әдет, мінез, тағдыр Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ойлы сөз - ұтқыр, ойсыз сөз - жұтқыр.

Ілмектер: сөз Иүгінеки Ахмед

Ағысты мөлдір бұлақ ортаймайды,
Сөздері білімдардың қартаймайды.

Ілмектер: сөз, білімдар Иүгінеки Ахмед

Тіл мен жақтың көркі - сөз.

Ілмектер: тіл, сөз Иүгінеки Ахмед

Шын сөз - бал, жалған сөз - жуа.

Ілмектер: сөз Иүгінеки Ахмед

Көп сөйлеген сөз - арзан.

Ілмектер: сөз Иүгінеки Ахмед

Ақыл иесі - сөз иесі.

Ілмектер: ақыл, сөз Тоныкөк

Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.

Ілмектер: сөз, жүрек, мұз, әдеп, дөрекілік Ілияс Есенберлин

Достық туралы көп сөзден дос пейілді бір іс артық.

Ілмектер: достық, сөз, іс, дос, пейіл Тоқсары

Қатты сөздер күшті дәлел бола алмайды.

Ілмектер: сөз, дәлел Василий Ключевский

Адам кейде өзінің сезімдеріне ие бола алмаса да, әрдайым аузына ие болуға тиіс.

Ілмектер: сезім, ие болу, ауыз, сөз Пьер Буаст

Егер айтатын сөзің болмаса, шындықты айт.

Ілмектер: шындық, сөз Марк Твен

Ең маңызды нәрсені сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Кейде өзіміздің сезіміміздің алдында ұялып, теріс айналып жатамыз. Себебі сезімімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екендігін түсінеміз.

Ілмектер: сөз, сезім, ұят Стивен Кинг