Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (40) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (36)

Екі адам бірін-бірі шын сүйсе екеуі де алтын. Махаббатта бақыр жоқ...

Ілмектер: сүю, махаббат Ілияс Есенберлин

Сүйген екенсің таусылып сүй, екінші біреуге қарайтын хәлің болмасын!

Ілмектер: сүю Қадыр Мырза Әли

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.

Ілмектер: адамзат, сүю, сезу, ақыл Абай Құнанбайұлы

Айтты Өгдүлміш: «ойға мынау түйгенім,
Бір қараса білер адам сүйгенін».

Ілмектер: сүю, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Сүйгенін қоштасуға кім қиыпты,
Шері оның теңізден де тұңғиық-ты.

Ілмектер: сүю, махаббат, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Жұрт сүйгенді құдай да сүйеді.

Ілмектер: жұрт, сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл-Хорезми

Жаманды мың көргенмен ішің сүймес.

Ілмектер: жаман, сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Елін сүйер сеніңіз,
Өз отбасын сүйе алған.

Ілмектер: ел, отбасы, нақыл, сүю Қасым Аманжолов

Өзі ешкімді сүймейтін адамды, меніңше, ешкім де сүймейді.

Ілмектер: сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит

Сүю — адамның бүкіл ізгі қасиеттерінің басын қосады

Ілмектер: Сүю, адам, қасиет, ізгілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оноре де Бальзак

Нағыз еркек екі нәрсені ұнатады: қатер және ойын. Қатерлі ойыншық болғандықтан ол әйел затын сүйеді.

Ілмектер: еркек, ұнату, әйел, қатер, ойыншық, сүю, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше

Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.

Ілмектер: адам, адамгершілік, сүю Мағжан Жұмабаев

Әкем маған жұмысты сүюді емес, жұмыс істеуді үйретті.

Ілмектер: әке, жұмыс, сүю Авраам Линкольн

Мейірім болмаса сүйе де алмайсың.

Ілмектер: Мейірім, сүю, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сүю – басқанын бақытынан өзіңнің жеке басыңның бақытын табу.

Ілмектер: Сүю, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Готфрид Лейбниц

Өзіңіз жайлы бар шындықты танып білмейінше, сіз өзіңізді шын сүйе алмайсыз.

Ілмектер: Шындық, өзін-өзі тану, сүю, Махаббат Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев