Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (7)

Егер бізді біреу сыйламай қойса, біз оған қапаланып, қатты ренжиміз. Ал, шындығында пенденің барлығы өз ішінен өзін-өзі сыйламайды ғой.

Ілмектер: сыйлау, ренжу, пенде Марк Твен

Егер менен педагогикалық тәжірбиеңізге бір сөзбен анықтама беріңізші деп сұраса, былай дер едім: адамға мүмкіндігінше көбірек талап қойыңыз, адамды мүмкіндігінше көбірек сыйлаңыз.

Ілмектер: педагогика, тәжірибе, адам, талап, сыйлау Антон Макаренко

Басқаша білмей қинауды,
Үйретті өзін сыйлауды.

Ілмектер: сыйлау, қинау Александр Пушкин

Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас.

Ілмектер: ұлт, сыйлау Бауыржан Момышұлы

Шектен тыс өзімшілдікке бой ұру - өзіңді сыйлағандықтың белгісі емес.

Ілмектер: сыйлау, өзімшілдік Федор Достоевский

Қарттарыңды сыйлай біл: күндердің күні болғанда кімдердің белі бүгілмес.

Ілмектер: қарт, сыйлау, сый, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды.

Ілмектер: дәстүр, ата-ана, сыйлау, нақыл Ғабиден Мұстафин