Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (84) Мақал-мәтелдер (61) Ұлағатты сөздер (229)

Ойсыз сөзде көркемдік те жоқ.

Ілмектер: ой, сөз Ғабит Мүсірепов

Ойла, ойла! Ойға тойма!

Ілмектер: ой, ойлау Бернияз Күлеев

Сөз қасиеті – көркемдігінде, ой қасиеті – шындығында.

Ілмектер: сөз, ой Ғабит Мүсірепов

Ой – көңілдің еркетайы, жыр – жүректің бұлбұлы.

Ілмектер: ой, жыр Бернияз Күлеев

Көз көргенді ой таниды.

Ілмектер: көз, ой Ғабит Мүсірепов

Шовинизм тарихи ойды ғылыми зерделеуге бөгет жасайды.

Ілмектер: шовинизм, ой, ғылым Олжас Сүлейменов

Оймен жыр тап, жырмен түр тап.

Ілмектер: ой, жыр Бернияз Күлеев

От жалын ой.

Ілмектер: от, ой Бернияз Күлеев

Ой жүгіртпестен көп оқи берген сайын, соғұрлым көп білемін деп сенесіз, ал оқып отырып неғұрлым көп ойласаңыз, әлі де өте аз білетініңізді соғұрлым айқын көресіз.

Ілмектер: кітап, ой, оқу Франсуа Вольтер

Ойдан – қуат, жырдан – қанат.

Ілмектер: ой, қуат, жыр Бернияз Күлеев

Жатсаң – ойда, тұрсаң – жырда, жанған жүрек емі бар.

Ілмектер: ой, жүрек, жыр Бернияз Күлеев

Өлеңде ой мен сезім болғанымен, олар лайықты формада (түр) көрініс таппаған болса - үстінде лыпа жоқ, киімсіз адамдай рабайсыз көрінеді. Керісінше, түрі (форма) келісіп, бірақ ой мен сезім парасаттылығы жетпей жатса - өлең өлең емес, құр айғай болып шықпақ.

Ілмектер: өлең, ой, сезім, нақыл, афоризм Сағатхан Әшімбаев

Өлең деген - ой мен сезімнің ар жағы.

Ілмектер: өлең, ой, сезім, нақыл, афоризм Қадыр Мырза Әли

Өлең - ой мен сезімнің образға айналған көркемдік жарасымы.

Ілмектер: өлең, ой, сезім Сағат Әшімбаев

Кітап оқу дегеніміз — басқа адамдардың ойларының көмегімен өзіндік ойларыңды тудыру.

Ілмектер: кітап оқу, ой, өзіндік ой Николай Рубакин

Адам ойының портретін жүзінен көруге болады.

Ілмектер: адам, ой Ғабит Мүсірепов

Кәміл болу қиын, бірақ ой қашады: халық – екі ұғымның құлы: кеткен мен келердің.

Ілмектер: Кәміл, халық, құл, ой Асқар Сүлейменов

Жақсы ойлар тамаша сөзден артық саналады. Сөз дегеніміз, былайша айтқанда, сырт киім; ой — киімнің астында жасырынған дене.

Ілмектер: ой, сөз, нақыл, афоризм Федор Достоевский

Сенің жауың бар ма? Керемет. Яғни, сен кезінде өз ойыңды қорғағансың.

Ілмектер: жау, ой, нақыл, афоризм Уинстон Черчилль

Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады.

Ілмектер: ой, іс, нақыл, афоризм Лао-цзы