Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (52)

Өмірде қате пікір болмайды. Тек біздің пікірімізбен сәйкес келмейтін пікірлер бар.

Ілмектер: өмір, пікір, нақыл сөздер Харуки Мураками

Қарт адамдардың үйренуге де, ақыл айтуға да қақысы бар.

Ілмектер: қарт, ақыл, нақыл сөздер Василий Сухомлинский

Асқардан биік тау болмас –
Басына балапан ұшып қона алмас.
Бүркіттен қыран құс болмас –
Бауыры жайылмай бөрі алмас.

Ілмектер: тау, қыран, табиғат, нақыл сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дәрігерге пысқырып та қарамайсың.

Ілмектер: дене шынықтыру, дәрігер, денсаулық, нақыл сөздер Ибн Сина

Жұмылған жұдырықпен амандаса алмайсың.

Ілмектер: амандасу, жұдырық, нақыл сөздер Индира Ганди

Аш кісінің ары жоқ.

Ілмектер: ар, нақыл сөздер Қашаған Күржіманұлы

Махаббатсыз өмірді есік сыртындағы желге теңеуге болады. Ұстай да, сезе де алмайсың.

Ілмектер: махаббат, өмір, нақыл сөздер Харуки Мураками

Жұқаны таптау оңай, жіңішкені үзу оңай.

Ілмектер: оңай, жұқа, үзу, нақыл сөздер Тоныкөк

Тірлік кешкен адамның сол тірліктен алып кетері – жат тізені кеудесіне шығармау.

Ілмектер: тірлік, адам, нақыл сөздер Асқар Сүлейменов

Өркөкіректік мақтаннан бас тартқанның өзінде ештеңе жоғалтпай, ұпайын түгендеп отырады.

Ілмектер: өркөкірек, мақтаншақтық, нақыл сөздер, ұлағатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Мақсатқа жету үшін талмай еңбек ету керек, өз-өзіңе сенімді болу керек.

Ілмектер: Мақсат, нақыл сөздер Махмһд әл-Қадр

• Ердің туы – намыс.
• Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
• Ердің Еділ тобығынан келмейді.
• Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң,
Жауды күйрете алмайсың
• Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.
• Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың,
Өлтірмесең – өлімге тұтылдың.
• Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа елдікі, оған тимегін.
• Қырағының өзі де, көзі де батыр.
• Ерлік – елеусіз қалмас.
• Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
• Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің еш шырын рахаты.
• Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
• Ежелден ел тілегі – ер тірегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тілегі.
• Екі сырттан қанға батып таласса,
Қарақұсқа жем болады.
• Қой бастаған арыстан тобынан, арыстан бастаған қой тобы артық.
• Командир – аға, солдат – іні.
• Айқаймен ала алмайсың,
Ақылмен, айламен алғын.
• Жан аямай тиіскеннен жау жалт бере жөнеледі.
• Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.
• Екі сөзді – ер емес, серт – ер серігі.
• Ту сыртыңнан түсірген дұшпанды торға түсір,
Өршеленген жаудың үнін өшір.
• Сабырлылық алдында дұшпан сасады,
Сабырсыздан береке қашады.
• Ер бақыты – ел қолында,
Ел бақыты – ерлер қолында.
• Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді,
Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді.
• Қорқақ – қаққа шөгіп өледі.
• Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
• Әдіссіздік – әлсіздік,
Ептілік те - ерлік.
• Қара бет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық!
• Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бер.

Ілмектер: нақыл сөздер, Бауыржан Момышұлы, елдік Бауыржан Момышұлы

Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда.
Ерге дәулет бітпесе,
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда.

Ілмектер: қыз, дәулет, тіл, нақыл сөздер Бұқар жырау

Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз — тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау.

Ілмектер: денсаулық, тәртіп, ұйқы, тамақтану, нақыл сөздер Ибн Сина

Саған жамандық қылғанға,
Әрдайым жақсылық қыл.

Ілмектер: нақыл сөздер Жарасбекова Айжан

Қайда жүрсең де, не істесең де, кім болсаң да- адам болып қалудан таянба!

Ілмектер: нақыл сөздер Жарасбекова Айжан

Жамандыққа жамандықпен жауап берсең, сенде не қадір қасиет қалады ?!

Ілмектер: нақыл сөздер Айжан Жарасбекова

Адамнан емес,
Жануардан емес,
Өлімнен емес- босқа өткен өміріңнен қорық!

Ілмектер: нақыл сөздер Айжан Жарасбекова

Әкім нашар сөйлесе,
Ақын нашар сөйлесе,
Ана тілде кінә жоқ.

Ілмектер: нақыл сөздер Айжан Жарасбекова

Жақсы оймен,
Жақсы сөздер -жақсы іске жетелейді.

Ілмектер: нақыл сөздер Айжан Жарасбекова