Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (18) Өлеңдер (36) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (26) Ұлағатты сөздер (96)

Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.

Ілмектер: Еуропа, мәдениет, мінез, хайуан Әлихан Бөкейханов

Нәпсінің қу мінезін - тіл де үйренеді.

Ілмектер: нәпсі, мінез, тіл Абай Құнанбайұлы

Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой.

Ілмектер: ақыл, мінез, мейірім, мейірімділік, жүрек Федор Достоевский

Адам өз ойы арқылы өз мінезін қалыптастырады.

Ілмектер: адам, ой, мінез Иоганн Вольфганг фон Гёте

Ескі қазақ баласы, шынында, өлеңмен қарсы алынып, өлеңмен шығарып салынатын болған. Бұл қазақ рухына анық сіңген мінез еді.

Ілмектер: қазақ, бала, өлең, рух, мінез Мұхтар Әуезов

Әдебиеттің зор міндетінің бірі - елдің мінезін түзеу.

Ілмектер: әдебиет, міндет, ел, мінез Мұхтар Әуезов

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.

Ілмектер: мұғалім, білім, мінез, киім, оқушы Мәлік Ғабдуллин

Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.

Ілмектер: ғылым, ақыл, мінез Абай Құнанбайұлы

Құрсақта біткен мінез - қара жерге бірге енеді, сүтпен біткен мінезді - өлгенше өзгерте алмайсың.

Ілмектер: мінез Жүсіп Баласағұни

Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

Ілмектер: көрсеқызарлық, жеңілтектік, мінез Абай Құнанбайұлы

Қасқыр мен ұры мінездес:
Екеуі де түнді аңдиды.
Бұлбұл мен гүл мінездес:
Екеуі де күнді аңдиды.

Ілмектер: ұры, мінез

Шеше мінезінен сезік алса, бала жүрегі суына береді, қатулана береді.

Ілмектер: ана, шеше, мінез, бала, жүрек Ғабит Мүсірепов

Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді.

Ілмектер: мінез Жүсіп Баласағұни

Адал да белсенді еңбек — ерік пен мінезіңді жарасымды бітімін жетілдіре түседі.

Ілмектер: еңбек, ерік, мінез Тәжібаев Төлеген

Еңбек адамның мінезіндегі өзімшіл сыйпаттарды жоюға көмектеседі.

Ілмектер: еңбек, адам, мінез, өзімшілдік Тәжібаев Төлеген

Ызақор - қабаған төбет тәрізді.

Ілмектер: мінез, мінез-құлық, ызақор, ызақорлық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Мінез: от басында күл шашып, күпілдеген көпірме.

Ілмектер: мінез Ғабит Мүсірепов

Мінездің сиқы: екі аяғы есерлік, ессіздік дейтін екі баспалдақта тұрған адам сияқты екен.

Ілмектер: мінез Ғабит Мүсірепов

Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бірге кездессе, бірін-бірі жасырыңқырап тұрады, ашықтық пен абайсыздық бірге кездессе, бірін-бірі асырыңқырап тұрады.

Ілмектер: қыз, мінез, әдеп Ғабит Мүсірепов

Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,
Әдетің - мінезіңе айналады.
Мінезің - сенің тағдырың.

Ілмектер: сөз, әдет, мінез, тағдыр Шәкәрім Құдайбердіұлы