Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (43) Өлеңдер (395) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (141)

Егер сен біреуді сүйіп, ал ол сені сүймесе, онда сенің махаббатың әлсіз және ол қасірет.

Ілмектер: махаббат, қасірет Карл Маркс

Шын махаббат қайтарым талап қылмайды.

Ілмектер: махаббат Махатма Ганди

Махаббатты тек көңіл көтеру деп санаған адам қайғы-қасіретке жол ашып, көзден жасты селдетеді.

Ілмектер: махаббат Василий Сухомлинский

Өзіне-өзі ғашық адамның қолынан шынайы махаббат келмейді. Өзімшілдік — махаббатты улайтын сұмдық кесір-кесел.

Ілмектер: ғашықтық, махаббат, өзімшілдік Василий Сухомлинский

Адамның өзін балалары арқылы жалғастыруы — бұл махаббатта ержүрек болу деген сөз.

Ілмектер: махаббат, бала Василий Сухомлинский

Мен бір көргеннен ғашық болуға сенбеймін. Менің ойымша, бұл – үлкен қателік. Сіз тек физикалық сипаттамаларға көңіл бөлсеңіз, сол үшін қатты өкінесіз.

Ілмектер: өкініш, махаббат, ғашық Ли Куан Ю

Махаббат достықтан да күшті.

Ілмектер: махаббат, достық Бернияз Күлеев

Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз,
Сезім өмір сүре алар ма мұратсыз.
Жүрегіңде ерлігі жоқ адамның,
Барлығы да махаббатқа тұрақсыз.

Ілмектер: Махаббат, адам, нақыл Мұхтар Шаханов

Махаббат жел сияқты: оны көрмейсің, бірақ сезесің.

Ілмектер: махаббат, адам, сезім Корей халқы

Сүюді доғарып, өткен махаббатынан ұялатын адам әсте болмайды.

Ілмектер: махаббат, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Егер махаббат жайлы оның әдеттегі көріністеріне қарап пікір айтар болсақ, оның достықтан гөрі дұшпандыққа көп ұқсас екенін көрер едік.

Ілмектер: махаббат, достық, дұшпандық, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Махаббатың мың түрлі құпиясы бар,
Жүрек оны жан шыққанша жасырар.

Ілмектер: махаббат, құпия, нақыл, афоризм Әл-Хорезми

Жер бетіндегі қыздардың барлығы да ержүрек, намысқой, адал жігітті армандайды. Және сондай жігіттер үшін бәріне де барады. Өйткені өмірдің мәні – махаббат.

Ілмектер: қыз, арман, ержүрек, адал, жігіт, махаббат Александр Куприн

Құпия жүрген махаббат айрылар күні қор болар,
Жаралы көзді жасырма – бәрі бір жасы сорғалар.

Ілмектер: махаббат, нақыл, афоризм Махмұд Қашқари

Махаббат – қашып құтыла алмайтын қайғы.

Ілмектер: қайғы, нақыл, афоризм, махаббат Әл-Хорезми

Ғашық кісіде шыдам болмайды,
Шыдамы болса, ғашық та болмайды.

Ілмектер: шыдамдылық, шыдам, ғашықтық, махаббат, нақыл, афоризм Құтып

Махаббаттан мың түрлі сыр туады.

Ілмектер: сыр, махаббат, нақыл, афоризм Әл-Хорезми

Ажырасар болған соң құшып-сүйгеннен не пайда?

Ілмектер: ажырасу, махаббат, нақыл, афоризм Саиф Сараи

Сүйген адам жүзінен-ақ болжайды,
Жағын ашса – сөз білдірер ол жайды.
Білгің келсе – байқа сүйер, сүймесін,
Тік қараған көз қарасы толғайды.

Ілмектер: махаббат, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Ғашықтар жүрген жерде қайғы да бар.

Ілмектер: махаббат, нақыл, афоризм, қайғы Саиф Сараи