Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (30) Өлеңдер (5) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (77) Ұлағатты сөздер (33) Әзіл, анекдоттар (1)

Актив — табыс алып келеді, пассив — сені кедей етеді.

Ілмектер: актив, пассив, табыс, кедей Роберт Кийосаки

Кедейдің еңбегі — байдың кені.

Ілмектер: кедей, бай Джон Беллерс

Пейілі кедей байдан сақта.

Ілмектер: пейіл, кедей Абай Құнанбайұлы

Бардың жұпыны киінгені де, жоқтың барша киінгені де белгілі болып тұрады.

Ілмектер: кедей, кедейлік Ғабит Мүсірепов

Байға - мал қымбат, кедейге - жан қымбат.

Ілмектер: бай, кедей Ғабит Мүсірепов

Кедейге кепесінің төбесіне шығып тұруы да үлкен мақтаныш.

Ілмектер: кедей, мақтаныш Ғабит Мүсірепов

Қу таяқты кедейге дәулет бітпес демеңіз.

Ілмектер: кедей, дәулет Бұқар жырау

Ашуланшақ келеді жарлы кісі.

Ілмектер: ашу, жарлы, кедей Шал Құлекеұлы

Көлдің - тақырға айналуы оңай,
Байдың - пақырға айналуы оңай.

Ілмектер: бай, пақыр, кедей Шерхан Мұртаза

Бардан жарлы болғандар болар арлы.

Ілмектер: кедей, бай, жарлы, ар Шал Құлекеұлы

Кедейлік - кемдік емес.

Ілмектер: кедей, кедейлік Иүгінеки Ахмед

Жаны кедей адамның құлқыны бір тоймайды.

Ілмектер: кедей, адам Махмұд Қашқари

Кедейдің кертіп жер малы - білім.

Ілмектер: кедей, білім Иүгінеки Ахмед

Жарлының жалғыз байлығы - білім.

Ілмектер: кедей, жарлы, білім Иүгінеки Ахмед

Ең кедей, ең бейшара, ең бақытсыз, ең сәтсіз адам – "ертең" сөзін көп қолданатын адам.

Ілмектер: кедей, бейшара, адам, ертең Роберт Кийосаки

Қарадан хан болсам — халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам — атам жараған болар,
Жоқтан бар болсам — құдайым қараған болар.

Ілмектер: кедей, халық, нар, кедейшілік Сырым Датұлы

Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей.

Ілмектер: ақша, кедей, арман Сократ

Арыңды сақта, болсаң да малға кедей.

Ілмектер: ар, мал, кедей Қожа Ахмет Йассауи

Қайыршының кейпі күншілдің көңілін алаңдатпайды.

Ілмектер: қайыршы, кедей, күншіл, көңіл Иоганн Вольфганг фон Гёте

Кедейлік - мүліктің азайғандығы емес, қомағайлықтың артқаны.

Ілмектер: кедей, кедейлік, қомағайлық Платон