Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (154) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (112)

Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.

Ілмектер: Ақыл, қайрат, жүрек, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Сенісерге жан таба алмай, сенделеді ит жүрек.

Ілмектер: жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.

Ілмектер: жүрек, қызық, тән, қуат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Бақытты жанның жанында дос болмайды. Бақытты кезінде адам өте жоғарыда жүреді, ал біздің жүрегіміз тек төменде ашылады.

Ілмектер: Достық туралы, бақыт, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жүрек, төмен, жоғары Николай Рерих

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

Ілмектер: қайғы, қызық, жүрек Абай Құнанбайұлы

Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген.

Ілмектер: жұрт, ақыл, жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Махаббат бұл — тозақ күйі. Оның сазымен қарттардың да жүрегі билей жөнеледі. Ол тура шегіргүлдің өзі, жапырағын қараңғылық түсе жаяды, ол тура нәзгүлдің өзі, жеңіл лептен жапырақтарын жинап алып, тиіп кетсең солып қалады.

Ілмектер: Махаббат, тозақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қарт, саз, жүрек Кнут Гамсун

Махаббат бұл — жердің жұпар иісі аңқыған жазғы жұлдызды түн. Алайда оның бозбалаға бөлектеніп, жеке жүретін соқпақ іздетіп, қарияны жалғызілікті баспанасында дөңбекшітіп, мазасын алатыны несі екен? Аһ, махаббат, сен ғой, адам жүрегін гүл жайнаған баққа да, кір-қоқыр тастаған ұраға да айналдырасың, кәдімгі құпия харам қоқыстар аяқ алып жүргізбейтін әшекейі көп, ұят-ары жоқ бақшаға ұқсатасың.

Ілмектер: махаббат, иіс, жаз, жұлдыз, түн, бозбала, қария, гүл, жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Кнут Гамсун

Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар.

Ілмектер: Мейірім, ынсап, әділет, адал, еңбек, жүрек, татулық, дос өмір, қасиет Шәкәрім Құдайбердіұлы

Құдайшылық — жүректе. Қалпыңды таза сақта.

Ілмектер: Құдайшылық, жүрек, таза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Ілмектер: қайрат, ақыл, жүрек Абай Құнанбайұлы

Бала жүрегі — кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек.

Ілмектер: Бала, жүрек, Мұғалім, кілт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұстаз Мұхтар Шаханов

Ақылды жүрекпен сезіп, аз сөйлеп оймен жеткізер.
Ақылсыз мұрынмен сезіп, көп сөйлеп тілмен жеткізер.

Ілмектер: нақыл сөз, даналық, ақыл, ақылды, ақылсыз, ой, ойлау, ойшыл, адам, жүрек, мұрын, тіл, сөйлеу, сезім Али Динабеков

Бойыңды қалай таза ұстасаң,
Жүректі солай таза ұстау керек.

Ілмектер: нақыл сөз, дана сөз, даналық, тазалық, таза, жүрек, адамның бойы Али Динабеков

Алтындар не деген кезде? «Денсаулық», «Уақыт», «Мүмкіндік», «Қабілет», «Таңдау мен шешім қабылдау еркі», «Ақыл мен Жүрек» т.б. ұғымдар деп айтар едім.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, алтын, денсаулық, уақыт, мүмкіндік, қабілет, таңдау, Шешім қабылдау, ақыл, жүрек Нарша Булгакбаев

Жас адамға жүрек — би.

Ілмектер: адам, жастық, жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жылуы жоқ жүрек те — бір, қуыс кеуде — бір.

Ілмектер: жылу, жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Біздің жүрегіміздің қалауы, ешкімнің соңына дейін түсінбейтін жұмбақ жолдармен қозғалады және ерте ме, кеш пе шынайы өмірде көрініс табады. Сондықтан біз сақтық танытып, не нәрсеге ұмтылып жатқанымызды түсінуіміз керек. Өз қалауларымызға абай болайық, өйткені бізге оларды толықтай жүзеге асыра алатын таңдау еркі берілген!

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, жүрек, қалау, жұмбақ, жол, Өмір, сақтық, ұмтылыс, түсіну, қалау, еркіндік Нарша Булгакбаев

Егер әлдекімнің шын сөйлегеніне күдіктенсең, онда өтірік болса да оған сенген қалып таныт. Ондайда ол одан сайын өзіне сеніп, жүректі түрде тіпті де зор өтірік айтып, өз бетпердесін (маска) өзі ашатын болады.

Ілмектер: шын, күдік, сенім, сену, жүрек, өтірік, маска, бетперде, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ілмектер: жақсы, мұғалім, мектеп, жүрек Ыбырай Алтынсарин