Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (43) Мақал-мәтелдер (196) Ұлағатты сөздер (44) Әзіл, анекдоттар (11)

Көшеде көлденең тұра қылып бірінің ернін бірі жұлып жіберердей боп жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұят та болмайды. Ондай әдеттен без, ондай құрбыдан аулақ бол.

Ілмектер: ұят, қыз, жігіт Әзілхан Нұршайықов

Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетіп жатыр.

Ілмектер: қыз, жігіт, Әдеп Әзілхан Нұршайықов

Жігіт қадірі өнерімен өлшенер.

Ілмектер: жігіт, қадір, жігіттік Мұхтар Әуезов

Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.

Ілмектер: жігіт, сөз Әйтеке би

Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз болып шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы

Ілмектер: әке, шеше, жігіт, жар, сұлу, қыз Әзілхан Нұршайықов

Қыз тілімен түйілген түйінді – жігіт тісімен шеше алмас.

Ілмектер: қыз, жігіт, тіл Төле би Әлібекұлы

Жастығым өтті деп не керек уайым ғып,
Жігіттік дегенің – қартыққа дайындық.
Жылама, о, досым, жігіттік тәмәм деп,
Жыла сен қарттыққа дайындық жаман деп!

Ілмектер: жігіт, қарттық, жастық Қадыр Мырза Әли

Жетімнің қамын ойласаң - жесірдің көңілі жұбанар,
Өнбейтін даудың ізінен - өспейтін жігіт қуалар.

Ілмектер: жетім, дау, жігіт, жесір, пайдасыздық Базар Оңдасұлы

Ділмәр боп жүр бұл күнде,
Дым білместің талайы.
Жоқтықтан қолы байланып,
Кеңеске басы кірмей жүр,
Жігіттің не бір сығайы.

Ілмектер: байлық, кедейлік, жігіт Базар Оңдасұлы

Ұмсынған жерге жетпесе,
Қайтады ердің райы.
Мінер ат, киер киімге,
Мұқтаж болған жігіттің,
Шықпайды ешбір шырайы.

Ілмектер: жігіт, байлық, кедейлік Базар Оңдасұлы

Жігіттер күн болды ойланарлық...
Асыл сол ақыл, білім бойда барлық.

Ілмектер: ақыл, білім, жігіт Шәкәрім Құдайбердіұлы

Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес.

Ілмектер: кедейлік, жігіт, намыс, дос Шал Құлекеұлы

Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады.

Ілмектер: қыз, ұят, жігіт, махаббат, қасиет, адал Ілияс Есенберлин

Ер жігіт – ел-жұртының панасындай,
Жақсы әйел әммә жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.

Ілмектер: ер, жігіт, пана, әйел, әйел, жұрт, бала, жақсы Сүйінбай Аронұлы

Қыз бен жігіттің бір-біріне бауыр басып қалуы - өмірге деген көзқарастарының бірдей болуынан басталады. Олардың ойлары әрқашан бір жерден шығады.

Ілмектер: қыз, жігіт, өмір, көзқарас, ой Агата Кристи

Жаман әйел – жігіттің тайдырады табанын,
Тар қылады заманын.
Жақсы әйел – жігіттің жақсы қылар жаманын,
Ұшқыр қылар шабанын.

Ілмектер: жаман, әйел, жігіт, заман Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жігіттің болса алған жақсы жары,
Сен болсаң бір АЛЛАға еткен зары.
Баладай риясыз еркелеген,
Сен болсаң тағы да сол ынтызары.

Ілмектер: жігіт, әйел Шәңгерей Бөкеев

Құлқына құмарланып құшқаныңда,
Шайқалып тұрса алтын сырғалары.
Кәмшаты барқыт төбе қырын киген,
Қадалса империял һәм динары.
Ақылы жамалына болса лайық,
Жігіттің сол емес пе жан құмары.

Ілмектер: жігіт, әйел Шәңгерей Бөкеев

Адамның көңілін жеңілдетер, жанын жібітер махаббаттан артық күш жоқ. Қызды сүйген жігіт қандай азапқа болса да көнуге бар, ал баласын жақсы көрген ана баласы үшін жан қиюдан тайынбайды. Бұл – табиғат заңы. Махаббатты осындай құдіретті етіп, дүниедегі ең ұлы күш – жаратылыстың өзі жаратқан. Сондықтан да, махаббаттың алдында кім болса да әлсіз, амалсыз.

Ілмектер: махаббат, ана, бала, жігіт, қыз, құдірет, дүние, күш Ілияс Есенберлин

От - түтінсіз болмас, жігіт - мінсіз болмас.

Ілмектер: от, жігіт, мін Махмұд Қашқари

Пікірлер