Өлеңдер бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (6)

Ешқашанда ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.

Ілмектер: жамандау, жақсылық, адам Әзілхан Нұршайықов

Біздің көз қарашығымызды сөккеннен гөрі, талғамымызды жамандағанда намысымызға көбірек тиеді.

Ілмектер: намыз, талғам, жамандау Франсуа де Ларошфуко

Дүмшелер өздерінің ақылы жетпеген нәрсенің бәрін жамандайды.

Ілмектер: ақыл, жамандау Франсуа де Ларошфуко

Арғымағың жамандап- тұлпар қайдан табарсың,
Тұйғыныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың.

Ілмектер: қанағат, жамандау Асан қайғы

Көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың,
Әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың,
Өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың.

Ілмектер: нақыл, афоризм, жамандау Асан қайғы

Ақ тоныңды жамандап - атлас қайдан табарсың,
Өз басыңды зорайтып - теңдес қайдан табарсың.

Ілмектер: жамандау, нақыл, афоризм Асан қайғы