Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (14) Мақал-мәтелдер (51) Ұлағатты сөздер (10)

Жалғыздықтан үлес алып, өзіңе пайда келтіре алу - дарын.

Ілмектер: Жалғыздық, пайда Бернард Шоу

Дүниеде жалғыз қалған адам — адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында.

Ілмектер: дүние, жалғыздық, адам Абай Құнанбайұлы

Қайғыны жалғыз көтеруге болады, бірақ бақытқа екеу керек.

Ілмектер: бақыт, қайғы, жалғыздық Элберт Хаббард

Жалғыздықпен өмір сүру және одан рахаттану - ұлы қабілет.

Ілмектер: жалғыздық, қарым-қатынас, өмір, қабілет Бернард Шоу

Адамға махаббат қонған кезде жүрегі жерде жоқ элементпен толығады. Оның себебін білесің бе? Бұл бақыттың құпия сыры неде деп ойлайсың? Ол тек жалғыздығымыздың бітуімен байланысты.

Ілмектер: махаббат, жүрек, құпия, бақыт, жалғыздық Ги де Мопассан

Жалғыздықты (жалғыз қалуды), үлкен қалалардан іздеу керек.

Ілмектер: жалғыз қалу, жалғыздық Рене Декарт

Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ.

Ілмектер: үміт, жас, жалғыздық, жарлы, кедей, ауру, кәрілік, өмір Жиренше шешен

Бос ыдыстың түбі мықты болмас.

Ілмектер: жалғыздық Қорқыт ата

Өмірде дана секілді сүргің келсе, екі басты қағиданы жаттап ал: әр нәрсені жегенше, аш қалған дұрыс; әркіммен өмір сүргенше, жалғыз болған дұрыс.

Ілмектер: өмір, қағида, ереже, тамақ, жалғыздық Омар Хайям

Ақылды адамдардың жалғыздықты ұнататын себебі, олар ақымақтардың даңғаза тірлігінен қашады.

Ілмектер: ақыл, адам, жалғыздық, ұнату, даңғаза, тірлік, ақымақ Артур Шопенгауэр

Серіктестер

Жүктелуде...