Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (20) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (54) Ұлағатты сөздер (76) Әзіл, анекдоттар (1)

Ел қамын жеген ер - басшы.
Ердің жеңілгені - елдің жеңілгені.

Ілмектер: батырлық, ерлік, ел, ер Тоныкөк

Пәтуәсіз ер - елге сор.

Ілмектер: ер, батырлық, ерлік Тоныкөк

Ерлігі бар - елге жағар.

Ілмектер: ел, батырлық, ерлік Тоқсары

Ақсүйектің баласын қара ұлына теңгеріп, қоңыраулы найза өңгеріп,
Жесірлерге жер бердім, жетімдерге жем бердім - сол ерліктен не көрдім?!

Ілмектер: ерлік, реніш, өкіну, жесір, жер Махамбет Өтемісұлы

Ел қорғау жолында ерлікпен өлген ерлердің жазығы жоқ.

Ілмектер: қорғау, ел, ерлік Бауыржан Момышұлы

Елу деген - ердің, ерлік істердің жасы.

Ілмектер: ер, ерлік, жас Шерхан Мұртаза

Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға.
Хас үлектен туған кәтепті,
Қара нар керек біздің бұл іске.

Ілмектер: батырлық, ерлік Махамбет Өтемісұлы

Ерлік жасағанның атасын сұрап алалмас болар.

Ілмектер: ерлік Тоқсары

Орынсыз ерлік – адамды өкіндірмей қоймайды.

Ілмектер: ерлік, адам, өкініш Бауыржан Момышұлы

Ерлік қауіп-қатермен жарыса өршиді: неғұрлым қиын тиген сайын, соғұрлым күш те арта түседі.

Ілмектер: ерлік, қиын, күш Фридрих Шиллер

Ақылмен ұштасқан ерлік ерліксіз жеке ақылдан гөрі көбірек көмектеседі.

Ілмектер: ақыл, ерлік Люк де Копье Вовенарг

Ерлік қауіп-қатерді батылдықпен жеңуден емес, оны қаймықпай қарсы алудан тұрады.

Ілмектер: ерлік, қауіп, қатер, жеңіс, қарсы алу Жан Поль

Масқаралық істеп қоюдан қорқу - ерлік; басқалардың бізге жасаған лайықсыз қылықтарын шыдамдылықпен бастан кешіре білушілік те дәл сондай ерлік болып табылады.

Ілмектер: масқара, ерлік Бен Джонсон

Еңбек бізге атақ, даңқ әперетін ерлік мағынасын тапты.

Ілмектер: еңбек, атақ, ерлік, даңқ Ғабит Мүсірепов

Дүниеде еңбек пен шығарманың қиындығын жеңуден асқан ұлы ерлік жоқ.

Ілмектер: еңбек, ерлік Максим Горький

Жастық шақ — ерлік жасар кезең.

Ілмектер: жастық шақ, ерлік Мари-Анри Бейль Стендаль

Ерлік - аяулы қасиет, соның арқасында адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер істейді.

Ілмектер: ерлік Аристотель

Ерлік қолдың күші де, семсерді сілтей білу өнері де емес, ерлік — өзіне-өзі ие болып, әділ болу.

Ілмектер: ерлік, әділдік Саади Ширази

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

Ілмектер: ерлік, жігіт, қасиет, жүректілік Бауыржан Момышұлы

Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас.Осыған әрқашанда әзір болу керек.

Ілмектер: жастық шақ, жиырма жас, ерлік Бауыржан Момышұлы