Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (13)

Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды.

Ілмектер: әйел, адалдық, еркек, Құмарлық Әзілхан Нұршайықов

Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек.

Ілмектер: еркек, әйел, жүрек, тірек Әзілхан Нұршайықов

Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.

Ілмектер: әйел, еркек Бауыржан Момышұлы

Әйел болмаса еркек есінен, еркек болмаса әйел ажарынан айрылады.

Ілмектер: әйел, еркек, ес, ажар Антон Чехов

Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет, Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет.

Ілмектер: әйел, еркек, қасірет, қасиет, қырық Ғабит Мүсірепов

Еркекке тіс те керек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек...

Ілмектер: еркек, жүрек, білек, іс Ғабит Мүсірепов

Істі талқылағыңыз келсе – ер адамға, жүзеге асырғыңыз келсе – әйел адамға барыңыз.

Ілмектер: еркек, әйел Маргарет Тэтчер

Барлық еркектер әлсіз, әсіресе, джентельмендер осал болады.

Ілмектер: еркек, джентельмен, әлсіз Маргарет Тэтчер

Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел.

Ілмектер: еркек, әйел, бұзу, құмарлық Бауыржан Момышұлы

Бар еркек – құбыжық, әйелдерге тек дұрыстап тамақтандыру ғана қалады.

Ілмектер: еркек, әйел Оскар Уайльд

Әр нағыз еркекте ойнағысы келетін жасырын бала болады. Олардан баланы тауып алыңыздар, әйелдер!

Ілмектер: еркек, бала, әйел Фридрих Ницше

Мейірімді еркек тойғанша тамақ жеп, бай болуды мақсат тұтпайды. Ол істі көп тындырады, бірақ аз сөйлейді. Ізгі адамдармен әңгімелескенде ол өз кемшіліктерін өзгертеді.

Ілмектер: мейірімділік, еркек, нақыл, афоризм Конфуций

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар

Ілмектер: еркек, Қазақ, желтоқсан, тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков