Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (17) Ұлағатты сөздер (17)

Пасыққа дәулет бітпес.

Ілмектер: дәулет Қорқыт ата

Қу таяқты кедейге дәулет бітпес демеңіз.

Ілмектер: кедей, дәулет Бұқар жырау

Дәулет те біреуден көшіп, біреуге қона береді.

Ілмектер: дәулет Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Бақ пенен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі.

Ілмектер: бақ, дәулет, байлық, адам, кемел Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар,
Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.

Ілмектер: бақыт, дәулет, ер Асан қайғы

Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.

Ілмектер: тәуелсіздік, жастар, ел, дәулет, достық Нұрсұлтан Назарбаев

Білім - ердің дәулеті.

Ілмектер: білім, ер, дәулет Саиф Сараи

Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,
Білім білген әр істе шебер болмақ.
Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап -
Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ.

Ілмектер: білім, шебер, дәулет, еңбек, өнер Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ердің көркі - дәулет.

Ілмектер: ер, көрік, дәулет Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Дәулетті ұл – ошақтың қоры,
Дәулетсіз ұл – атаның соры.

Ілмектер: дәулет, ұл, ошақ, сор, ата, бала Қорқыт ата

Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.

Ілмектер: еңбек, дәулет Абай Құнанбайұлы

Бақ пен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі.

Ілмектер: бақ, дәулет Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда.
Ерге дәулет бітпесе,
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда.

Ілмектер: қыз, дәулет, тіл, нақыл сөздер Бұқар жырау

Құрсағы құшақ байлардан дәулет.

Ілмектер: дәулет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жақсыға бітсе дәулет бақ айналар,
Жаманға бітсе дәулет әуе айналар.
Басына ер жігіттің іс түскенде,
Арасы қас пе достың абайланар.

Ілмектер: жақсы, дәулет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қас, дос Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Инабат — ердің азығы
Бақыт пенен дәулеттің
Ұстайтұғын қазығы.

Ілмектер: инабат, бақыт, дәулет Әбубәкір Кердері

Жақсыға бiтсе дәулет бақ айналар,
Жаманға бiтсе дәулет әуейiленер.

Ілмектер: жақсы, жаман, дәулет, бақ Ақан Сері Қорамсаұлы‎