Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (39)

Саған дұшпан – маған жау.

Ілмектер: дұшпан, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Екі жақсы дос болмас — сірне үстінде xаты бар,
Ежелгі дұшпан ел болмас — көңілінде кір, даты бар.

Ілмектер: дос, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жағаңа дұшпан қолы тимеске — артыңда туысқанның көбі игі.

Ілмектер: дұшпан, туыс, туысқан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Есендікте — малыңды бер де батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе — дұшпанның қолы жете алмас.

Ілмектер: есен, есендік, мал, дұшпан Шалкиіз Тіленшіұлы

Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

Ілмектер: ақыл, дос, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Түрік халқы — батыр халық. Түрік халқы — арыстан ер халық. Кімнен таяқ жегендей біздің түріктің баласы, алдырып жүрген дұшманға ауызының аласы.

Ілмектер: түрік халқы, халық, арыстан, ер, таяқ жеу, дұшпан, ауыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұстафа Шоқай

Сенің дұшпандарың бар ма? Жақсы, демек өміріңде қандай да бір пікіріңді қорғап қалған екенсің.

Ілмектер: дұшпан, өмір, пікір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Балаға дұшпандықты көрсетсе, ол төбелесуді үйренеді.

Ілмектер: бала, дұшпан, төбелесу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбие Мария Монтессори

Сiздiң қателерiңiздi көрсететiн дұшпаныңыз, оларды жасыратын досыңыздан әлдеқайда артық.

Ілмектер: қате, дұшпан, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Леонардо да Винчи

Өгiздi өрге салма — қанатың талар,
Наданға көзiңдi салма — сағың сынар.
Досыңа өтiрiк айтпа — сенiмiң кетер.
Дұшпанға сырыңды айтпа — түбiңе жетер.

Ілмектер: надан, дос, өтірік, сенім, дұшпан, сыр, нақыл, қанатты сөздер Төле би Әлібекұлы

Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.

Ілмектер: уайым, салғырт, халық, дәулет, ғибрат, ақыл, ар, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Адам әзіз айтар деп — көңіліңді салмағын,
Нәпсі алдаушы дұшпанның өсиетін алмағын.

Ілмектер: Адам, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нәпсі, дұшпан, өсиет Асан қайғы

Ұмыту — кек алудың тәуiр түрi, ол дұшпаныңның қимылы түкке арзымайтынын дәлелдейдi.

Ілмектер: Ұмыту, кек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дұшпан Бальтасар Грасиан

Өнерден жақсы, білімнен үлкен, ұяттан сұлу нәрсе, қызғаншақтықтан асқан дұшпан жоқ.

Ілмектер: Өнер, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұят, сұлу, дұшпан Сократ

Өзін аяған — дұшпанға дос.

Ілмектер: дұшпан, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.

Ілмектер: сабыр, сабырлық, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Зор дұшпаннан қандай сақтансаң, ұсақ жаудан сондай сақтан.

Ілмектер: дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жау Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сырттан кіжінген найзалы жаудан, іштен аңдыған кездікті дұшпан қауіпті.

Ілмектер: жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дұшпан Ғабиден Мұстафин

Жындының сандырағын айтпа, дұшпандарың тыңдап отыр.

Ілмектер: жынды, сандырақ, дұшпан Станислав Ежи Лец