Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (51) Өлеңдер (133) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (162) Ұлағатты сөздер (146) Әзіл, анекдоттар (1)

Досын сатқан қосын сатқанмен бірдей.

Ілмектер: сатқындық, дос, достық Тоқсары

Өзіне дос іздемейтін адам өзіне өзі дұшпан.

Ілмектер: дос, дұшпан Шота Руставели

Әділ айтсам — Аллам дос, әзіл айтсам — шайтан хош.

Ілмектер: әділдік, дос, Алла, шайтан, әзіл Қашаған Күржіманұлы

Жауыңды жақсылап танып алсаң, кейін оның досына айналасың.

Ілмектер: жау, дос Маргарет Тэтчер

Нағыз дос сен қателік жіберген кезде де жаныңнан табылады. Ал сен дұрыс жүрсең, бәрі сенімен бірге.

Ілмектер: дос, қате Марк Твен

Дос таппаған ер азар, басшы бақпаған ел азар.

Ілмектер: дос, ел Мұхтар Әуезов

Досың сені сынауға құмар адамдар қатарында жоқ.

Ілмектер: дос, сынау, құмар, адам Антуан де Сент-Экзюпери

Екіжүзді адамның жау болағанынан, дос болғаны қауіпті.

Ілмектер: екіжүзділік, нақыл, дос Жан-Жак Руссо

Достарыңның жүрегін құр қошеметпен емес, көңілден шыққан шынайы сөздермен жаулап ал.

Ілмектер: дос, көңіл, нақыл, афоризм Сократ

Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес.

Ілмектер: дос, көмек Ермек Өтетілеуов

Нағыз шынайы достар алмаз сияқты, аса қымбат әрі сирек кездеседі. Жалған достар күзгі жапырақ тәрізді, аяқтың астында.

Ілмектер: дос, алмаз, жапырақ, нақыл, достық, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол.

Ілмектер: кітап, қас, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауст

Үндемеу - ешқашан сатпайтын ұлы дос.

Ілмектер: үндемеу, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Мен ұмытылмас мейірімді достарымнан артық бақыт таба алмаспын.

Ілмектер: дос, бақыт, мейірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Жақсыға бітсе дәулет бақ айналар,
Жаманға бітсе дәулет әуе айналар.
Басына ер жігіттің іс түскенде,
Арасы қас пе достың абайланар.

Ілмектер: жақсы, дәулет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қас, дос Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Дос адам маңайыңды жұмақ етер.

Ілмектер: дос, жұмақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махмұд Қашқари

Досыңа достық — қарыз іс.

Ілмектер: дос, достық, қарыз Абай Құнанбайұлы

Екі жақсы дос болмас — сірне үстінде xаты бар,
Ежелгі дұшпан ел болмас — көңілінде кір, даты бар.

Ілмектер: дос, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Ит жүгіртіп, құс салсаң — киген тоның түлкі етер,
Жаманменен дос болсаң — көрінгенге күлкі етер.

Ілмектер: жаман, дос Бұқар жырау

Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

Ілмектер: ақыл, дос, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы