Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (882) Өлеңдер (49) Жоспарлар (10) Мақал-мәтелдер (221) Ұлағатты сөздер (219) Әзіл, анекдоттар (1)

Адамзат тарихы білім мен апаттың бәсекесіне айналып барады.

Ілмектер: адамзат, тарих, білім, апат, бәсеке, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уэльс Герберт

Мемлекеттің бірінші міндеті — онда туған балалар ақыл тоқтатып, есейгенше жақсы баспанамен, киіммен, тамақпен қамтамасыз ету және білім беру.

Ілмектер: мемлекет, міндет, бала, баспана, киім, тамақ, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Айлалылар бiлiмді жек көредi, ақкөңiлдер оған таңырқайды, ақылдылар оны пайдаланады.

Ілмектер: айла, білім, ақкөңіл, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон

Бiлiм алу надандыққа қарсы егiлген дәрi.

Ілмектер: білім, надандық, дәрі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ян Амос Коменский

Жақсылық дегенiмiз даналық пен бiлiм.

Ілмектер: жақсылық, даналық, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сократ

Кiм басқаларды оқытса, сол қайталау арқылы өз бiлiмiн толықтыратындықтан және тақырыпқа терең бойлауға мүмкiндiк алатындықтан, өзiн-өзi үйретедi.

Ілмектер: білім, оқу, оқыту, үйрету, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ян Амос Коменский

Бiлiм ақылды алмастыра алмайды.

Ілмектер: білім, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Оқу, білім — жанған шырақ ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең — қалмасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жегер сал,
Пайда аларсың, қаужанарасың, тоймасаң.

Ілмектер: оқу, білім, өнер Жүсіпбек Аймауытов

Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады.

Ілмектер: білім, кітап, компьютер, болашақ Нұрсұлтан Назарбаев

Менiңше, дүниеде надандардың бiлiмді жек көруiнен өткен жек көру жоқ.

Ілмектер: дүние, надан, білім, жек көру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Галилео Галилей

Бiлiмдар адамның жанында наданның бiр артықшылығы бар: ол әрқашан өзiне разы.

Ілмектер: білім, білімдар, надан, артықшылық, разы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Наполеон Бонапарт

Бiлiмсiздiк — бұл ымырт, оны жамандық кезiп жүредi. Көшенi жарықтандыруды ойласаңыздар, мархабат, ең бастысы ақыл-ойды ағартуды ойласаңыздар екен.

Ілмектер: Бiлiмсiздiк, білім, ымырт, жамандық, көше, ақыл, ой, жарық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виктор Гюго

Халықты күштеп тыңдатуға болады, оны бiлiмге зорлай алмайсың.

Ілмектер: халық, тыңдау, зорлау, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!

Ілмектер: құдай, қорқу, пенде, ұят, бала, оқу, білім, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Бiлiм адамның iшiнде пайда болмайтынын ұмытпа, ол үшiн адам көрген-бiлгенiн ой елегiнен өткiзiп, оны қорғап қалуы керек.

Ілмектер: білім, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Эпиктет

Адамдардың бiрi игiлiктi — билiктен, екiншiлерi — бiлiмге құмарлықтан, ғылымнан, үшiншiлерi — рахаттан iздейдi.

Ілмектер: Блез Паскаль, игілік, билік, білім, құмарлық, рахат, ғылым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Блез Паскаль

Бар қайғыдан құтқарар жалғыз дәру — ақыл мен жанның қызметiн арттыру, бұған бiлiм алудың шеңберiн кеңейту арқылы қол жеткiзiледi.

Ілмектер: қайғы, дәрі, ақыл, қызмет, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виктор Гюго

Ақыл - білімге бастар жол.

Ілмектер: ақыл, білім Құтып

Тән рақаты — денсаулықта, жан рақаты — бiлiмде.

Ілмектер: тән, денсаулық, рақат, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фалес

Үш нәрсеге: адамға деген сүйiспеншiлiкке — қайғысыз; бiлiмге — адасусыз; батылдыққа — қорқынышсыз қол жеткiзе алмайсың.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сүйiспеншiлiк, қайғы, білім, батылдық, қорқыныш Конфуций