Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (49) Өлеңдер (180) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (51) Әзіл, анекдоттар (1)

Өлең жазған кісінің бәрі ақын емес екені дәлелденген шындық. Шын ақынды жасайтын да өмір, содан алған әсер, тәжірибе болса керек. «Мен ақын болайын деп пе едім, өмір ғой мені ақын еткен» депті бір мықты.

Ілмектер: өлең, ақын, шындық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жұмекен Нәжімеденов

Ақынның бірінші бақыты – шығармашылық процесс. Ал қалған тірлігі қараңғы туннель

Ілмектер: бақыт, ақын Қадыр Мырза Әли

Ақында адамзаттан дос болмайды,
Жалғыз-ақ сыр сөйлейді қаламына.

Ілмектер: ақын, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев

Мен болсам кеттiм ақын боп,
Азырақ бақытсыздау боп.

Ілмектер: ақын, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Төлеген Айбергенов

Жалғыздық Құдайдан кейін ақынға жарасады.

Ілмектер: Жалғыздық, құдай, ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жәркен Бөдешұлы

Ей, тіршілік бер кезегін Ақынның, әлегі көп əйтпесе өмір бос қалар!

Ілмектер: тіршілік, ақын, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Айжарық Абылқасымов

Нағыз ақындар қоғамнан көш ілгері жүреді.

Ілмектер: ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қоғам, көш Әмзе Қалмырзаев

Ақын-жазушылардың рухы жығылуы — халықтың рухының жығылуы.

Ілмектер: Ақын, жазушы, рух, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Ақындық қасиет — бір Алладан. Оны дамыту-дамытпау адамына байланысты. Шын ақын бойына дарыған қасиетін халқына қайтып беруге міндетті.

Ілмектер: Ақындық, қасиет, ақын, афоризм, қанатты сөздер, халық Ханбибі Есенқарақызы

Ақын адамдардың шаттығы — өлеңі.

Ілмектер: ақын, адам, шаттық, өлең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Фариза поэзиясының басты ерекшелігі — ақын ой мен сезімнің қалыпқа көнбей, қанатынан қан сорғалап тұрса да, биікке, заңғар көкке талпынып, шарқ ұрып, азаттық атты әулие ұғымның қасиетіне табынып, әуелей самғап, жан сырын ақ күміс теңгедей ашық шаша білуінде.

Ілмектер: Фариза, поэзия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақын, ой Күләш Ахметова

Ұлы ақындар жәбір-жапа, қорлыққа толы қиянат жыл, замандарда бір айқай салмай қалған емес...

Ілмектер: ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, заман Ғабит Мүсірепов

Халық барда поэзия жасай береді. Ақындар — халықтың барометрі. Поэзия халық үшін жазылады. Ал, халық оқымаса, ол — поэзия — жетім поэзия.

Ілмектер: Халық, поэзия, ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Фариза — өз жырын жүрегімен сезгенін, адам табиғатынан байқағанын сыршылдықпен сидырып, адамның алуан сезімдері мен сәттерін, өмір құбылыстарын өз жүрегінің дүрсілімен бере білетін ақын.

Ілмектер: Фариза, ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мәриям Хакімжанова

Ақынның жазушыдан айырмашылығы сол, ол шабыты келген сәтте төгіп-төгіп жазады да, прозашылар сияқты ұзақ сарылып отырмайды.

Ілмектер: проза, ақын, жазушы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Ақиқатқа ең жақын адамдар — ақындар.

Ілмектер: ақиқат, ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махатма Ганди

Ақын — бөріңмен құрдас.

Ілмектер: ақын, нақыл, қанатты сөздер, афоризм, құрдас Сайын Назарбекұлы

Ақын деген барша жұрттың алдында ақ жанын айқара ашып тұратын адам.

Ілмектер: ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Акутагава Рюнескэ

Ақын — халықтың тілі.

Ілмектер: ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, халық, тіл Сайын Назарбекұлы

Еркін ұста, ақын жанын ұғын да,
Сыйла бәрін, көтер қайғы-мұңын да.

Ілмектер: қайғы, ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни