Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (49) Мақал-мәтелдер (279) Ұлағатты сөздер (300) Әзіл, анекдоттар (2)

Қарудеме қылышты,
Шапқанда сүйек қаппаса.
Ақылды деме — туысты,
Сасқанда ақыл таппаса.

Ілмектер: ақыл

Ақымақ шаппамен бауыздар,
Ақылды мақтамен бауыздар.

Ілмектер: ақыл

Бақ көшсе ақылыңа қарамайды.

Ілмектер: бақ, ақыл Шал Құлекеұлы

Адам көркі – ақыл.

Ілмектер: адам, ақыл Мұхтар Әуезов

Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң - саған ақыл не керек?!

Ілмектер: ақыл Әлихан Бөкейханов

Зерек ақыл - суық мұз.

Ілмектер: ақыл Абай Құнанбайұлы

Ақылды әйел ерінің атын шығарады.

Ілмектер: әйел, ақыл Базар Оңдасұлы

Ақылмен кеңескеннен кейін ең сорақысы адамдармен достасу мүмкін емес екенін түсінесің.

Ілмектер: адам, ақыл Эрнест Хемингуэй

Табиғат әйелге былай дейді: қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, ал саналы, ақылды болуға міндеттісің.

Ілмектер: әйел, сұлу, ақыл Пьер де Бомарше

Кейбір ғалымдардың бастары толы ми, ми толы ақыл. Әттең, со ақылды айта алар тіл жоқ.

Ілмектер: ғалым, ми, ақыл, тіл Ғабит Мүсірепов

Ақылды адамға ең ауыр жаза - мақтай беру, мақтай беру

Ілмектер: ақыл, адам, мақтау Ғабит Мүсірепов

Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді.

Ілмектер: адамгершілік, ар, ақыл, адам, қиянат, мақтан, өзімшілдік Шәкәрім Құдайбердіұлы

Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Ілмектер: талап, білім, өнер, ақыл Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жігіттер күн болды ойланарлық...
Асыл сол ақыл, білім бойда барлық.

Ілмектер: ақыл, білім, жігіт Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ақыл иесі - сөз иесі.

Ілмектер: ақыл, сөз Тоныкөк

Темір шеге - тасқа кірмейді, ақыл - надан басқа кірмейді.

Ілмектер: ақыл, надан Саиф Сараи

Ақылды адам өз пікірін өзінде ұстайды.

Ілмектер: адам, ақыл, пікір Агата Кристи

Ақылды адамдар ешқашан ренжімейді, олар нәтиже шығарады.

Ілмектер: ақыл, ақылды, адам, ренжу, нәтиже Агата Кристи

Ақыл мен білім бізге көбіне керек емес кезде келеді.

Ілмектер: ақыл, білім Габриэль Гарсиа Маркес

Ақылды кісілердің бақытты болғаны өте сирек.

Ілмектер: ақыл, кісі, бақыт, сирек Эрнест Хемингуэй