Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (2805)

Кездейсоқтықтың да себебі болады.

Ілмектер: Кездейсоқтық, себеп, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Ханға ақыл айтамын деп, Бұқар жырау қартайғанда қайыршының күнін кешті. Ақылың болса, ханға ақыл айтпа!

Ілмектер: хан, ақыл, қайыршы, нақыл, афоризм Мырзатай Жолдасбеков

Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Ахмет Байтұрсынұлы

Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық, дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады.

Ілмектер: Дәрігер, тәрбиеші, нақыл, афоризм Жүсіпбек Аймауытов

Мұғалімнің ең жауапты міндеті – ол адамды қалыптастыру.

Ілмектер: мұғалім, нақыл, афоризм Дмитрий Менделеев

Қазір маған аттың орнына космос кемесін бейнеле десе, мен соны жаза алмас едім.

Ілмектер: космос, бейнелеу, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің.

Ілмектер: дін, нақыл, афоризм Мырзатай Жолдасбеков

Қазақтың радиомаразмы: «махаббаттың сүйіспеншілігіне бөленіп...».

Ілмектер: радио, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Пайда қуу – ойын шарты. Мүдделі болмасаң, ойынға да кірмейді.

Ілмектер: пайда, шарт, нақыл, ойын, афоризм Олжас Сүлейменов

Оқыс сөз, одыраң мінез – үлгісі жоқ ұлдың, кер кеткен кыздың белгісі.

Ілмектер: сөз, мінез, нақыл, қыз, ұл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Ата-бабаларымыздың сана-сезімдерінің қалтарыстары аз болмаған.

Ілмектер: сана, сезім, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Екі бақсы бір үйге сыймайды.

Ілмектер: нақыл, афоризм, бақсы, үй Мырзатай Жолдасбеков

Бала – тапқандікі емес, бала – қаққан мен баққандікі.

Ілмектер: бала, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардың да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі “Тіл құралы” екенін ұмытпасқа керек

Ілмектер: тіл, қазақ тілі, тіл құрамы, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті.

Ілмектер: қазақ тілі, тіл, нақыл, афоризм Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Үйдің іргесі берік болсын десең - қабырғасын асықпай қала.

Ілмектер: үй, өсиет, нақыл, афоризм Құтып

Сөйлемдегі өмір мен сөйлемнің өмірі бірікпегесін – тірі тіркес тумайды. Өмірдің тамыр солқылы мен сөйлемнің тамыр солқылын лингвистикалық проза ғана қоса алады.

Ілмектер: сөйлем, проза, лингвистика, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Бізді билегісі келгендерге тосқауыл болғаннан гөрі, олардың өзін билеген анағұрлым жеңілірек.

Ілмектер: билік, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Абайда ашу шақырар орам көп. Кейіс шақырар бір орамы: «...қазақ та адам баласы ғой».

Ілмектер: Абай, қазақ, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.

Ілмектер: білім, надандық, афоризм, нақыл Сократ