Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (839)

Өлең деген - ой мен сезімнің ар жағы.

Ілмектер: өлең, ой, сезім, нақыл, афоризм Қадыр Мырза Әли

Әйел табиғатының өзі осындай: тиым салынған тамырдың дәмін татып, әбден құмарынан шыққанша қинала беруге жаратылған.

Ілмектер: әйел, нақыл, афоризм Шоқан Уәлиханов

Бұл жалған дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болады? Түзу мылтық, қыран, жүйрік аты бар, мінез-құлқы мінсіз әйелі бар ердің төрт құбыласы тең болады.

Ілмектер: мінез, әйел, құбыла, мылтық, қыран, ат, нақыл, афоризм Би-шешендер

Адамның жан жолдасы - сүйген жары.

Ілмектер: жолдас, жар, нақыл, афоризм Жанақ Сағындықұлы

Түзу қалам - қисайған, өткір қалам - мүжілген заман.

Ілмектер: заман, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Білім шынайы, толық, анық, мықты болуы тиіс.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Ян Амос Коменский

Төрде отырып, теріс сөйлегеннен без,
Есікте отырып, керіс сөйлегеннен без.

Ілмектер: төр, есік, сөз, нақыл, афоризм Бәйдібек Қарашаұлы

Мен біреудің мақтауына немесе кінәлауына көңіл аудармаймын! Мен тек өз ішкі сезіміме еремін.

Ілмектер: сезім, мақтау, кінә, нақыл, афоризм Волфганг Амадей Моцарт

Тірлігім көбейген сайын, көбірек оқимын.

Ілмектер: іс, кітап, оқу, нақыл, афоризм Майкл Фарадей

Түркілік қоғамда әйелдердің кең құқықтар берілген, олар мемлекеттік істерге белсене араласқан. Тақтың мұрагерін ана тәрбиелеген.

Ілмектер: мұрагер, әйел, қоғам, құқық, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Әділ би әділдігін айтар - сары табақтан сарқыт қайтар.

Ілмектер: әділдік, нақыл, афоризм Би-шешендер

Жер дауы - тәмам бес миллион қазақ дауы.

Ілмектер: жер дауы, жер, қазақ, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Өлең сұлулығының басты өлшемі (критерий) - мазмұн мен түр арасындағы жанды жарасым (пропорция) сақталып, диалектикалық байланыстың үзілмеуі.

Ілмектер: өлең, нақыл, афоризм Сағат Әшімбаев

Жасауы мол келіннің күйеуі жуас келеді.


Ілмектер: жасау, келін, жуас, жуастық, нақыл, афоризм Махмұд Қашқари

Жаман әйел көп ұйықтар.

Ілмектер: жаман, әйел, ұйқы, нақыл, афоризм Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы.

Ілмектер: жұрт, әділдік, халық, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Әлі күнге дейін кешегі империя етігінің темір өкшесін аңсайтындар бар.

Ілмектер: империя, қоғам, заман, нақыл, афоризм Шерхан Мұртаза

Демократия - жүгенсіздік емес,
Бостандық - жүйесіздік емес.

Ілмектер: демократия, бостандық, нақыл, афоризм Шерхан Мұртаза

Ұлы фильм жасау үшін үш нәрсе керек: сценарий, сценарий және тағы да сценарий.

Ілмектер: фильм, сценарий, кино, нақыл, афоризм Альфред Хичкок

Жар — халал жұп.

Ілмектер: жар, халал, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы