Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (12)

Өз жауыңды кешіргеннен артық атақ жоқ.

Ілмектер: жау, атақ, кешіру Фрэнсис Бэкон

Өлімнен басқаның бәрін өткізуге болады, жақсы атақтан басқаның бәріне шыдауға болады.

Ілмектер: өлім, атақ Оскар Уайльд

Негізі, атаққа лайық қызмет етпей сол атақты асынып жүргеннен, атаққа лайық қызмет етіп, оны ресми түрде алудан бас тартқан әлдеқайда адамшылық.

Ілмектер: атақ, қызмет, адамшылық Марк Твен

Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!

Ілмектер: адам, ақша, атақ, арақ, әйел Бауыржан Момышұлы

Дүние-мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ.

Ілмектер: дүние, мал, атақ Қорқыт ата

Атағы шыққан жақсыға,
Ақылды байлап қылма құл.

Ілмектер: атақ, ақыл Шәкәрім Құдайбердіұлы

Атақ пен титулдар ел алдында ерен еңбек жасағандар үшін ойлап табылған. Бірақ ол қандай ел екені бізге белгісіз.

Ілмектер: ел, еңбек, атақ, титул Бернард Шоу

Атақты болу – тамаша, салмақты болу – көп артық.

Ілмектер: атақ, салмақтылық Александр Пушкин

Алжығанда келген атақ абырой әпермейді.

Ілмектер: атақ, өмір, абырой, кәрілік Бауыржан Момышұлы

Нағыз ер болсаң, сол атаққа ие бола біл.

Ілмектер: атақ, ер Саиф Сараи

Еңбек бізге атақ, даңқ әперетін ерлік мағынасын тапты.

Ілмектер: еңбек, атақ, ерлік, даңқ Ғабит Мүсірепов

Адамдар өздеріне байлық пен атақты қалайды; егер осы екеуіне адал жолмен қол жеткізе алмасаңыз, олардан аулақ жүргеніңіз дұрыс.

Ілмектер: байлық, атақ, нақыл, афоризм Конфуций