Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (31) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (30)

Әр адамның өмірінде бір рет болса да тағдыр тәлейі оның есігін қағады, бірақ ол кезде адам жақын маңдағы сыраханада отырған болуы мүмкін, сол себепті ешқандай тақылды естімейді.

Ілмектер: Өмір, бақ, тағдыр, жолы болу, сәті түсу, ісі оңбау, жолы болмау Марк Твен

Жақсыға бiтсе дәулет бақ айналар,
Жаманға бiтсе дәулет әуейiленер.

Ілмектер: жақсы, жаман, дәулет, бақ Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда.

Ілмектер: ар, атақ, бақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Момыннан жаман қорқақ жоқ,
Қу, пысық деген ат қайда?
Айлакер болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда?

Ілмектер: момын, қорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Қу, пысық, Айлакер, бақ Абай Құнанбайұлы

Өзімізді бір орында ұстап тұрған жалғыз адам – өзіміз ғана. Өз арман-мақсаттарымыздың бетін қайтарып жатқан өзіміз ғана. Өз бағымызды байлап жатқан, сананы шектеп жатқан, өзімізден жасанды мүгедек жасап жатқан өзіміз ғана. Екі өмірде де бақытты болуға кедергі – өзіміз ғана.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, арман, мақсат, Бақ, сана, мүгедек, Өмір Нарша Булгакбаев

Елшісі епсіз патшаның бағы жанбайды.

Ілмектер: елші, бақ, патша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Біздің өміріміздегі барлық қиындықтар, күнәлар мен қателіктер не үшін болады? Өйткені біз оларды надандық пен білместіктің салдарынан өз еркімізбен сұрап не тілеп аламыз. Ешкім күнәға әдейі бармайды, ол тек шарасыздық пен ішкі күйзелістен. Кейде мұны түсіну өте қиын болуы мүмкін, бірақ бұл рас. Дұға-тілек, терең ішкі қалау – бұл көпшілігіміз ойлағаннан да әлдеқайда күшті күш. Біз бір нәрсені қатты қалаймыз, және біздің қалауымыздың қарқындылығы оның жүзеге асырылуын тездетеді. Сондықтан бар бәле де бақ та ниет пен қалаудан басталады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, қиындық, күнә, қателік, сұрау, түсінбеушілік, Дұға, тілек, қалау, күш, ниет, бәле, Бақ Нарша Булгакбаев

Бақ — кейде тауып, кейде ауып қонады. Ауып қонса есіртеді, тауып қонса есейтеді.

Ілмектер: бақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Бақ өзі ғана соқыр емес, ол қонған адамын да соқыр етеді.

Ілмектер: бақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, соқыр Цицерон