Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (22) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (31)

Атадан — өсиет,
Анадан — қасиет.

Ілмектер: ата, ана, өсиет, қасиет

Өсиет алған өлмес.

Ілмектер: өсиет, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Асамай жатып құлдық деме.

Ілмектер: өсиет

Атадан - өсиет, анадан - қасиет.

Ілмектер: ата, ана, өсиет

Өнерді үйрен, үйрен де жирен. Ішің күйсе ,тұз жала, сыртың күйсе, домала. Біреу ойнап сөз сұраса сен шындап жауап бер. Ит үрді- керуен көшті. Аузы жаман ел былғайды, Аяғы жаман төр былғайды. Шешеннің тілі ортақ, Шебердің қолы ортақ. Жақсыдан шарапат, Жаманнан кесапат.Шабан ат-өршіл, Жаман адам -төршіл. Тоты құс бойына қарап зорланады, Аяғына қарап қорланады. Балалы марал маңырайды, Баласыз марал аңырайды. Жақсыға сөз ілеседі, Жаманға шөп ілеседі. Тауықсыз да таң атады. Көппен көрген -ұлы той. Жол қуған кәдеге жолығады, Сөз қуған пәлеге толығады. Көже, көзіңе айтайын, Сорпадан садаға кет! Еттің бәрі қазы емес, Иттің бәрі тазы емес. Ер қанаты- ат. Әлін білмеген -әлек.

Ілмектер: Өсиет, ақыл-кеңес, ұлағат

Ауру адамның айтқан өсиеті
Жақсылық жайында болады.

Ілмектер: ауру, адам, өсиет, жақсылық

Аурудың өсиеті — ізгі.

Ілмектер: ауру, өсиет, ізгі