Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (5)

Жақсы қонақ - құт, береке.

Ілмектер: құт, қонақ, береке, жақсы

Қонақ келсе құт келер.

Ілмектер: қонақ, құт

Қонақ бір күн қонса — құт,
Екі күн қонса — жұт.

Ілмектер: қонақ, құт, жұт

Қонақ келсе — құт,
Қарақшы келсе — жұт.

Ілмектер: қонақ, құт

Жақсының жақсылығын айт,
Мейірі тассын,
Жаманның жамандығын айт,
Құты қашсын.

Ілмектер: жақсы, жаман, құт

Елге ел қайрылса — құт,
Елден ел айрылса — жұт.

Ілмектер: ел, құт

Елге ел қосылса — құт,
Желге сел қосылса — жұт.

Ілмектер: ел, жұт, құт

Көсе бетінен қылтанақ көрсе,
Қырғанша құты кетеді.

Ілмектер: құт

Маңдайы құтты – батыр,
Таңдайы құтты – шешен.

Ілмектер: құт, батыр, шешен, маңдай, таңдай

Қарты бар үйдің құты бар.

Ілмектер: қарт, құт, үй, өмір, адам

Сиырдың сүті — тілінде,
Жігіттің құты — білімде.

Ілмектер: құт, білім

Адал іс істесең, адал боп өсесің,
Ақылды іс істесең, өміріңе құт,
Қиын іс бітірсең, өмір бойы қорықпайсың.

Ілмектер: адал, құт, іс, ақыл, өмір, қиын

Бәрі түгел: құт пен бақыт алдаса,
Адам бірақ өзін құртып алмаса.

Ілмектер: құт, бақыт, адам

Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.

Ілмектер: құт, қонақ, қасқыр, қой

Құт қонған елде
Қыдыр қыдырып жүреді.

Ілмектер: ел, құт