Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (1)

Көп жасаған құрдасынан
Көп сөйлеген жолдасынан айрылады.

Ілмектер: құрдас, жолдас, кәрілік, қарттық

Қонағы бар үй қоңырсып тұрады,
Қонағы жоқ үй бозымсып тұрады.
Құдаң құрдасыңдай болсын,
Құдағайың сырласыңдай болсын.

Ілмектер: қонақ, құда, құрдас

Көңілі қаран
Жолдасынан айрылады.
Көп жасаған,
Құрдасынан айрылады.

Ілмектер: көңіл, жолдас, құрдас

Көргенсізбен құрдас болма,
Опасызбен сырлас болма.

Ілмектер: көргенсіз, опасыз, құрдас

Екі аяқтыдан құрдас тату,
Төрт аяқтыдан бота тату.

Ілмектер: құрдас, дос, достық, бота, ынтымақ, татулық

Әкесі құрдастың, баласы құрдас.

Ілмектер: әке, бала, құрдас, туыс

Жасы құрдас, құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Ілмектер: заман, құрдас, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Кәрі, жас құрдастықтан білінер.

Ілмектер: кәрі, жас, құрдас

Жасы бір құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Ілмектер: жас, заман, құрдас, адам

Тілі – басымен құрдас,
Қалжыңдаспай тұрмас.

Ілмектер: тіл, құрдас, бас, қалжың, парсы мақалы