Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (76) Өлеңдер (23) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (26) Ұлағатты сөздер (2)

Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.

Ілмектер: ұры, бөрі, қасқыр

Қойға қасқыр шапса,
Жарлының жалғызын жейді.

Ілмектер: қасқыр, кедей, жарлы

Қасқырлы жердің елі айтақшыл.

Ілмектер: қасқыр, қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық

Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.

Ілмектер: ұл, қасқыр, құн, араб мақалы

Қасқырдың қарны тоймайды.

Ілмектер: қасқыр, қарын, парсы мақалы

Қой жеген қасқыр көңілді,
Қойшысы жаннан түңілді.

Ілмектер: қасқыр, қойшы, қой, қырғыз мақалы

Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды.

Ілмектер: қой, қасқыр, қарғыс, қырғыз мақалы

Адам ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.

Ілмектер: адам, ой, қой, қасқыр, бөрі, қырғыз мақалы

Ер тамағы – елден,
Бөрі тамағы – жолдан.

Ілмектер: ер, тамақ, бөрі, қасқыр, жол

Байдың қойы желігіп қасқырға соқтықса да, аман қалады.

Ілмектер: бай, қой, қасқыр, аман

Бөрі баласын бөркіңе салсаң, ит болмас.

Ілмектер: бөрі, бала, қасқыр, ит, жануралар, жануарлар туралы мақалдар, жануарлар туралы мақал

Бөрі қоңсысын жемейді.

Ілмектер: бөрі, қасқыр, қоңсы, жануар, жануарлар туралы мақалдар

Қасқырдың ауызы жесе де қан,
Жемесе де қан.

Ілмектер: қасқыр, жануарлар

Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.

Ілмектер: құт, қонақ, қасқыр, қой

Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.

Ілмектер: қорқу, ит, қасқыр

Бөріні шопан қылсаң,
«Қойды мен өлтіріп едім, жеуін түлкі жеді» дер.

Ілмектер: бөрі, қасқыр, шопан, жануарлар туралы мақалдар, қой, төрт түлік, түлкі

Қойға қасқыр шапса,
Ит семіреді.

Ілмектер: ит, қасқыр, жануар

Қасқыр байлағанға көнбес,
Шошқа айдағанға көнбес.

Ілмектер: жануарлар, қасқыр

Қараусыз қалған есек —
Қасқырдың олжасы.

Ілмектер: қасқыр, жануар

Қасқырдың аузы жесе де – қан,
Жемесе де – қан.

Ілмектер: қасқыр, қан