Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (5)

Дос көңіліңді суытып айтады,
Қасың ойыңды жылытып айтады.

Ілмектер: дос, қас

Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?

Ілмектер: ана, ашу, дос, қас, ас, жас

Досыңа шапан кигізсең,
Ішік кигізді дейді.
Қасыңа ішік кигізсең
Шапан кигізді дейді.

Ілмектер: дос, қас

Қас боп жүріп,
Дос болғанға мақтан.
Дос боп жүріп,
Қас болғаннан сақтан.

Ілмектер: қас, дос

Қамысты бос ұстасаң,
Қолыңды кеседі.
Қасыңды бос ұстасаң,
Төбеңді теседі.

Ілмектер: қас, дұшпан

Қасың менен досыңды
Қас-қабағы танытар.

Ілмектер: қас, дос

Қас екеніңді қабағыңнан танимын,
Сараң екенінді табағыңнан танимын.

Ілмектер: қас, табақ, сараң, пейіл, ынсап

Ат алсаң бойы менен басын ал,
Қатын алсаң көзі менен қасын ал.

Ілмектер: ат, қатын, бой, көз, қас

Кішкене қасың болса, үлкен пілдей көр.

Ілмектер: қас, дұшпан, піл

Ақымақ достан ақылды қасың жақсы.

Ілмектер: ақымақ, дос, қас

Қасыңды бүлдіре білсең,
Досыңды күлдіре білесің.

Ілмектер: дос, қас

Қасыңды түзетемін деп,
Көзіңді шығарып алма.

Ілмектер: қас, көз

Қасын түзеймін деп, көзін шығарып алды.

Ілмектер: қас, көз, қырғыз мақалы

Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар.
Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.

Ілмектер: әкім, дана, төңірек, ақымақ, жауыз, қас