Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (9) Ұлағатты сөздер (3)

Алғыс алған арымас,
Қарғыс алған жарымас.

Ілмектер: тәрбие, өнеге, қарғыс

Қарғыстың ең ауыры — «Нан ұрсын».

Ілмектер: қарғыс

Құдай қарғысынан
Халық қарғысы қаһарлы.

Ілмектер: халық, қарғыс

Көпке ұнамаған
Көбеймейді.
Көп қарғысына ұшыраған
Көгермейді.

Ілмектер: көпшілік, көп, қарғыс

Қарғыстан кісі өлмейді.

Ілмектер: қарғыс, кісі, өлім, пейіл

Құдайдың қарғысына да арзымас.

Ілмектер: қарғыс, парсы мақалы

Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды.

Ілмектер: қой, қасқыр, қарғыс, қырғыз мақалы

Атаның ақ батасы балалардың ойларын біркітеді,
Шешенің қарғысы балалардың зейінін жоқ етеді.

Ілмектер: ата, ана, шеше, бата, қарғыс, зейін, ой

Қара жерді жамандама
Қайтып сонда барарсың.
Қауым елді жамандама
Қарғысына қаларсың.

Ілмектер: жаман, қарғыс