Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (27)

Жоқты бар десең – құт болар,
Барды жоқ десең – жұт болар.

Ілмектер: қанағат

Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар.

Ілмектер: ас, қанағат

Азды алмаған, көптен құр қалады.

Ілмектер: аз, көп, қанағат

Қанағат қылсаң, қарның тоқ.

Ілмектер: қанағат

Барға қанағат ет.

Ілмектер: қанағат, тәлім, тағлым, тәрбие

Қазаныңнан қақпақ кетсе,
Иттен қанағат кетер.

Ілмектер: ит, қанағат, қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық

Өзім тойсам да көзім тоймайды.

Ілмектер: өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар, қанағат

Барына қанағат, жоғына сабыр.

Ілмектер: қанағат, сабыр

Қарынбай малға тоймайды,
Лұқман жылға тоймайды.

Ілмектер: мал, жыл, қанағат

Қанағат қарын тойғызады,
Қанағатсыздық жігіттің
Жалғыз атын сойғызады.

Ілмектер: жігіт, қанағат, өнеге

Азға қанағат қылғанды
Барлық жерде сыйлайды.

Ілмектер: сый, құрмет, қанағат

Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең не қалар?!

Ілмектер: жеу, қанағат