Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (43) Өлеңдер (81) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (98)

Жыл деген ат басын бұрғанша,
Ай деген аунап тұрғанша.

Ілмектер: жыл, ай, уақыт

Заман айнасы — замандас.

Ілмектер: заман, уақыт

Замандасы жоққа
Амандасатын адам табылмайды.

Ілмектер: заман, замандас, уақыт, дәуір

Заман түзелсе,
Жаман да түзеледі.

Ілмектер: заман, жаман, уақыт, дәуір

Ханның басын хан алар,
Қардың басын қар алар.

Ілмектер: уақыт, дәуір

Кілемге бергісіз алаша бар,
Ханға бергісіз қараша бар.

Ілмектер: уақыт, дәуір

Қойды құртаң бүлдіреді,
Елді сұлтан бүлдіреді.

Ілмектер: уақыт, дәуір

Басыңа іс түссе:
Бекке барма, көпке бар,
Бек беліңді сындырады,
Көп ісіңді тындырады.

Ілмектер: уақыт, дәуір

Ханның қызы шөміш ұстаса,
Қолы жауыр болады.

Ілмектер: уақыт, дәуір

Төренің тілі тәтті,
Діні қатты.

Ілмектер: уақыт, дәуір

Би екеу болса,
Дау төртеу.

Ілмектер: уақыт, дәуір

Әулекі би
Ат үстінен билік айтар.

Ілмектер: уақыт, дәуір, би

Туғанына бұрғаны —
Биді құдай ұрғаны.

Ілмектер: би, уақыт, дәуір

Уақытыңның босқа өткені —
Өміріңнің бос кеткені.

Ілмектер: уақыт, өмір, бос

Әрнәрсе уақытымен қызықты.

Ілмектер: уақыт, жыл мезгілдері, табиғат, табиғат құбылыстары

Көңілі ояудың - көзі ілінбейді,
Уақыттың өткені білінбейді.

Ілмектер: уақыт, көңіл

Уақыты озған өңге,
Бояу жағу ұят емес.

Ілмектер: уақыт, ұят

Әр гүлдің иісі өз уақытында аңқиды.

Ілмектер: уақыт, гүл, иіс

Уақыт - көшкен керуен.

Ілмектер: уақыт

Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

Ілмектер: уақыт