Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (21) Ұлағатты сөздер (21)

Талап - пендеден, қолдау - Тәңірден

Ілмектер: талап

Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Ілмектер: жаман, ақыл, талап, ұл, жас

Әуелі бойыңда талант болсын,
Талантыңа талабың қанат болсын.

Ілмектер: талап, талант

Білімдіден шыққан сөз - талаптыға болсын кез.

Ілмектер: білім, талап

Талап — талмас қанат.

Ілмектер: талап, тәрбие, өнеге

Талабы жоқ жас —
Қанаты жоқ құс.

Ілмектер: талап, тәрбие, өнеге

Талапты — тас жарар,
Талапсыз — бас жарар.

Ілмектер: талап

Талап — тұлпар,
Білім — сұңқар.

Ілмектер: талап, білім

Тәйке түссе — талабымнан.

Ілмектер: талап

Ерді талап ұшырар,
Құсты қанат ұшырар.

Ілмектер: ер, талап

Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты демеңдер,
Жарақтансаң жығарсың.

Ілмектер: талап, жау

Қуаттының қолы ұзын,
Талаптының жолы ұзын.

Ілмектер: қуат, талап

Қуаныш жоқ, қайғы жоқ,
Қас наданның белгісі.
Тәуекел жоқ, талап жоқ —
Оңбайтұғын — ез кісі.

Ілмектер: тәуекел, талап

Талаптың тұлпары
Тас қиядан таймайды.
Саятшының сұңқары
Салса, ілмей қалмайды.

Ілмектер: талап

Таудай талаптан
Бармақтай — бақ.

Ілмектер: талап, бақ

Ер талабы ертеңгі мегзер.

Ілмектер: ер, талап

Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.

Ілмектер: жан, мал, еңбек, мұрат, талап, байлық

Талап таудан да асырар.

Ілмектер: талап, өнер

Талаптымен таласпа

Ілмектер: талап

Талапты ерге нұр жауар.

Ілмектер: талап