Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (38) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (36)

Бақа көлін сүйеді,
Бұлдырық шөлін сүйеді,
Ер жігіт елін сүйеді.

Ілмектер: ер жігіт, сүю

Отанды сүю отбасынан басталады.

Ілмектер: отан, сүю

Сыйлық қымбат емес,
Сүю қымбат.

Ілмектер: сыйлық, сүю, адам

Сұлу сұлу емес,
Сүйген сұлу.

Ілмектер: сүю, сұлу, адам

Әркім сүйгенінің құлы.

Ілмектер: сүю

Сыйынғаннан сүйенгенің
Күшті болсын.

Ілмектер: сүю

Арыстан күшігін тістеп сүйеді.

Ілмектер: сүю, жануарлар

Сүймеске асылма,
Арзымасқа шашылма.

Ілмектер: сүю

Өзің сүйгенді алма,
Өзіңді сүйгенді ал,
Өзің сүйгеннен жапа шегерсің,
Өзіңді сүйгеннен рахат көрерсің.

Ілмектер: сүю, үйлену

Ел сүйгендей досың болсын,
Жер сүйгендей қосың болсын.

Ілмектер: ел, жер, сүю

Атасын сыйласаң, баласын сүй,
Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал.

Ілмектер: сый, құрмет, ит, сүйек, бала, сүю

Елін сүйген ер болар.

Ілмектер: ер, сүю, ел

Бұл дүниені ұстап тұрған — махаббат,
Егер сүю болмаса, адам да болмас еді.

Ілмектер: махаббат, дүние, адам, сүю

Адамдар сені жақсы көруі үшін адамдарды сүй.

Ілмектер: мысыр мақалы, сүю, жақсы көру, адамдар