Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (9) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (21)

Көргенсіз дегенге кек тұтпа,
Көргеніңнен көрмегенің көп.

Ілмектер: көргенсіз, кек

Оқ қадалса денеңнен суырарсың,
Кек қадалса жүрекке не қыларсың?!

Ілмектер: кек

Көсеумен түрткеннің кегі кетпес.

Ілмектер: кек

Арсызда бет болмайды,
Азғында кек болмайды.

Ілмектер: ар, кек

Кек түбі — ойран.

Ілмектер: кек, сақтық, қырағылық

Кекшіл болма, көпшіл бол.

Ілмектер: кек

Ағайында өкпе бар да, кек жоқ.

Ілмектер: ағайын, туыс, жанұя, өкпе, кек

Жақсы - текшіл,
Жаман - кекшіл.

Ілмектер: кек, жақсы, жаман, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Жетім бала кекшіл.

Ілмектер: жетім, кек

Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ.

Ілмектер: жақсы, жаман, кек, тек

Жақсы адамның кегі бар, киген жаулық кепкенше,
Жаман адамның кегі бар, басы жерге тигенше.

Ілмектер: жақсы, жаман, адам, кек, жер

Қанды кектің салмағы –
Екі үйді түгел жалмады.

Ілмектер: кек, үй, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Күшті қауіпті емес,
Кекшіл қауіпті.

Ілмектер: күш, кек

Түн соғыста дем алатын мезгіл емес,
Жаудан кек алатын мезгіл.

Ілмектер: соғыс, түн, кек, жау