Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (1) Әзіл, анекдоттар (1)

Арықтың көркі — сәмбі тал,
Аттың көркі — құйрық, жал.

Ілмектер: арық, төрт түлік мал

Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.

Ілмектер: сан туралы мақал, арық

Жақсы менен жаманның жаны бірдей,
Арық пенен семіздің қаны бірдей.

Ілмектер: жақсы, жаман, қан, семіз, арық

Қазарсың арықты,
Көрерсің жарықты.

Ілмектер: еңбек, арық, қазу

Арық ауыздың сөзі семіз.

Ілмектер: арық, семіз, ауыз, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Арық сиырға жуан мүйіздің керегі жоқ.

Ілмектер: арық, сиыр, мүйіз, қырғыз мақалы

Арықпын деп ауызды ырсита беруге бола ма?

Ілмектер: арық, адам

Аштықтың – тоғы,
Арықтың семізі бар.

Ілмектер: аштық, арық, семіз, қырғыз мақалы

Арық айтып, семіз шық.

Ілмектер: арық, айту

Аш адам ұрысқақ, арық адам тырысқақ.

Ілмектер: аш, адам, тырысқақ, арық

Арық атқа қамшы ауыр.

Ілмектер: қамшы, арық, ат, ауыр

Арық малға суық өш,
Даулы кісіге әкім өш.

Ілмектер: арық, мал, дау, әкім, өш

Аш кісі ұрысқақ,
Арық кісі тырысқақ.

Ілмектер: аш, аштық, ұрысқақ, тырысқақ, арық