Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (99) Өлеңдер (467) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (237) Ұлағатты сөздер (580) Әзіл, анекдоттар (4)

Тәтті өмірдің сұрауы қатты.

Ілмектер: өмір

Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.

Ілмектер: көңіл, өмір, жақсы

Түстік өмірің болса,
Кештік мал жина.

Ілмектер: өмір, еңбек, мал

Өлімнен басқаның ертесі жақсы.

Ілмектер: адам, өмір, өлім

Көшемін деп отыныңды тауыспа,
Өлемін деп азығынды тауыспа.

Ілмектер: адам, өмір, өлім, азық, отын

Балалық шағы — патшаның тағы.

Ілмектер: адам, өмір, патша, балалық шақ

Жас — кәрінің көзі,
Кәрі — жастың тезі.

Ілмектер: адам, өмір, жас, кәрі

Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,
Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.

Ілмектер: қарт, адам, өмір, дана, бала

Кәрісі кімнің бар болса,
Хаты соның қолында.

Ілмектер: қарт, адам, өмір, хат

Көп жасаған көмбенің үстінен шығар.

Ілмектер: адам, өмір

Кәрілік — дауасыз дерт.

Ілмектер: кәрілік, қарттық, адам, өмір

Жастыққа да кәрілік бар,
Байлыққа да жарлылық бар.

Ілмектер: өмір, адам, кәрілік, жастық, байлық, кедейлік, жарлы

Жастық – желік.

Ілмектер: жастық шақ, адам, өмір

Кәрілік сені қайтейін,
Сөйлер сөзге мерт ерттің.

Ілмектер: кәрілік, өмір, сөз, адам

Кәрі білгенді пері білмес.

Ілмектер: кәрі, адам, өмір

Сексен дегенше, жермен жексен де.

Ілмектер: өмір, адам

Соқыр ұстағаннан айырылмайды.

Ілмектер: соқыр, адам, өмір

Ұлы бардың - ұрпағы бар.

Ілмектер: ұл, ұрпақ, адам, өмір

Соқырға күн де қараңғы, түн де қараңғы.

Ілмектер: соқыр, күн, түн, адам, өмір

Өмірден көзің кетсе де,
Сөзің кетпесін.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, өмір