Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (99) Өлеңдер (457) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (237) Ұлағатты сөздер (579) Әзіл, анекдоттар (4)

Батырдың көзі өмірге түседі,
Қорқақтың көзі өлімге түседі.

Ілмектер: батыр, қорқақ, өмір, өлім

Жеу үшін жемейді,
Өмір сүру үшін жейді.

Ілмектер: жеу, өмір, парсы мақалы

Адам мәңгі сүрмейді,
Көрден қайтып келмейді.

Ілмектер: адам, өмір

Күндік өмірің болса,
Жарты күн жорға мін.

Ілмектер: өмір, қырғыз мақалы

Барына разы бол, жоғына сабыр ет.

Ілмектер: сабырлық, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Дұшпанға өлім тілегенше,
Өзіңе өмір тіле.

Ілмектер: дұшпан, өмір, өлім, қырғыз мақалы

Нан – бақытты өмiрдiң бастауы.

Ілмектер: нан, өмір, бақыт

Адам болар баланың кісіменен ісі болар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар.

Ілмектер: адам, бала, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Тірі қойғанды құр қоймайды.

Ілмектер: тірі, өмір, қырғыз мақалы

Қарты бар үйдің құты бар.

Ілмектер: қарт, құт, үй, өмір, адам

Су бар жерде өмір бар.

Ілмектер: су, өмір

Түстік өмірің болса,
Кештік білім жи.

Ілмектер: білім, өмір

Өмірге риза болып, алғыс айт.

Ілмектер: өмір

Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.

Ілмектер: адам, табиғат, өмір

А, Құдайым бала бер,
Бала берсең, сана бер.
Санасыз бала бергенше,
Артынан бәрін-бәрін ала бер.

Ілмектер: бала, сана, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Адал іс істесең, адал боп өсесің,
Ақылды іс істесең, өміріңе құт,
Қиын іс бітірсең, өмір бойы қорықпайсың.

Ілмектер: адал, құт, іс, ақыл, өмір, қиын

Адам бір оқтық, өлтіру оңай,
Бірақ мың адам бір адамды тірілте алмайды.

Ілмектер: адам, өмір, өлім

Адам емес, мәңгі өлмейтін — атағы,
Өмір-бақи жасайды ғой ол тағы.

Ілмектер: адам, атақ, өмір

Адам өмірі қылдан да жіңішке.

Ілмектер: өмір, жіңішке, қыл

Тыста ұзақ жүргенің –
Ұзақ өмір сүргенің.

Ілмектер: өмір, денсаулық