Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (64) Мақал-мәтелдер (102) Ұлағатты сөздер (113)

«Ажалсыз адам өлмес» деп,
Жыланды құйрығынан ұстама.

Ілмектер: ажал, жылан, өлім

Ажалсыз аштан өлмес.

Ілмектер: ажал, аштық, өлім

Ажалсыз балық құрғақ жерде де өлмейді.

Ілмектер: ажал, балық, өлім

Ажалсыз ерге өлім жоқ.

Ілмектер: ажал, ер, өлім

Ажалы жеткен тышқан
Мысықтың үстіне секіреді.

Ілмектер: ажал, өлім, мысық, тышқан

Алтынның өлтірген адамы аз емес.

Ілмектер: алтын, өлім, адам

Андыз болса, ат өлмес.

Ілмектер: ат, өлім

Аңғармай сөйлеген,
Ауырмай өледі.

Ілмектер: аңғару, ауру, өлім

Ат, өгіз терін бай бермес,
Жарлы болсаң, көз көрмес.
Өлсе жаман мал берер ысқатына,
Жанға өлшеген малдары жанына ермес.

Ілмектер: жарлы, кедей, бай, өгіз, ат, мал, өлім, ысқат

Атаң өлсе өлсін,
Атаңды көрген өлмесін.

Ілмектер: ата, өлім

Аты қалған ер өлмейді,
Адам мәңгі атағымен селбесер,
Аты қалса, бұ жалғанда өлмес ер.

Ілмектер: өлім, ат, атақ, мәңгі

Ауру — өлім хабаршысы, белесі.
Өлім деген — тіршіліктің елесі.

Ілмектер: ауру, өлім, хабаршы, тіршілік

Ауру — өлімнің алғашқы елшісі.

Ілмектер: ауру, өлім, елші

Ауру — өлімнің түрткісі.

Ілмектер: ауру, өлім

Ауру қанша қатты болса да,
Өлімнің кепілі емес.

Ілмектер: ауру, өлім, кепіл

Ауруын емдетпеген тез өледі.

Ілмектер: ауру, денсаулық, ем, өлім

Аш болып тірі жүргенше,
Тоқ болып өлген артық.

Ілмектер: аштық, тоқтық, өлім, артық

Байысаң да өлетұғын кез жетер,
Сонда саған екі-ақ құлаш бөз жетер.

Ілмектер: байлық, бөз, өлім

Батыр өлімі маржадан.

Ілмектер: батыр, өлім

Бура өле ме, бота өле ме?
Кәрі өле ме, жас өле ме?
Айы жеткен айда өлер,
Күні жеткен күнде өлер.

Ілмектер: өлім, бура, бота, кәрі, жас, ай, күн, ажал