Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (91) Өлеңдер (26) Жоспарлар (14) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (44)

Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.

Ілмектер: ұстаз, ұстам

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

Ілмектер: ұстаз, әке, сыйлау

Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт

Ілмектер: ұстаз, ұстаз туралы нақыл сөздер

Атпаз көрген — ат таныр,
Ұстаз көрген — хат таныр.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ұстаз

Баланың бас ұстазы — ата-ана.

Ілмектер: бала, ата-ана, ұстаз

Ұстаз алдында тілің тый,
Ұста алдында қолың тый.

Ілмектер: ұста, ұстаз

Шәкіртсіз ұстаз – тұл.

Ілмектер: білім, ұстаз

Шәкірті зейінді келеді.
Ұстазы бейілді болса.

Ілмектер: ұстаз, шәкірт

Ұққаның жақсы болса —
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса —
Ақылың көбейеді.

Ілмектер: ұстаз, ақыл

Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.

Ілмектер: өмір, ұстаз

Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.

Ілмектер: ұстаз, талант, шәкірт, талапкер

Халық - нағыз ұстаз.

Ілмектер: халық, ұстаз

Бала өсірген ата-ана
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды.

Ілмектер: бала, ата-ана, ұстаз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)