Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (16) Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (8)

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ілмектер: адам, ұйқы, тамақ

Малсызға
Малға балап ұйқы берер.
Арсызға
Арға балап күлкі берер.

Ілмектер: мал, ар, күлкі, ұйқы

Бала күлкіге тоймас,
Болбыр ұйқыға тоймас.

Ілмектер: бала, ұйқы, күлкі

Ұйқы арыстанды да жығады.

Ілмектер: ұйқы

Ұйқы — тынықтырады,
Жұмыс — шынықтырады.

Ілмектер: ұйқы, жұмыс, денсаулық

Жасық кісі жасқа тоймас,
Пасық кісі ұйқы мен асқа тоймас.

Ілмектер: ас, пасық, ұйқы

Жалқаудың жаны ұйқыда.

Ілмектер: жалқау, жалқаулық, ұйқы

Дарақының күлкісі қанбас,
Жалқаудыңұйқысы қанбас.

Ілмектер: дарақы, жалқау, ұйқы, күлкі

Малсызға малға балап ұйқы береді,
Арсызға арға балап күлкі береді.

Ілмектер: ар, күлкі, ұйқы, еңбек, жалқау, жалқаулық

Ұйқыда ұят жоқ.

Ілмектер: ұйқы, ұят

Ұйқы өліммен тең.

Ілмектер: ұйқы, өлім, сақтық, қырағылық

Ұйқы жастық сұрамайды.

Ілмектер: ұйқы

Ұйқы менен өлім тең.

Ілмектер: ұйқы, өлім, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ұйықтаған адам ұйқыдағы жанды оята алмайды.

Ілмектер: ұйқы, адам, парсы мақалы

Ұйқы — ажал ағайыны.

Ілмектер: ұйқы, ажал, парсы мақалы

Еріншек түске дейін ұйықтайды,
Кешке дейін есінейді.

Ілмектер: еріншек, ұйқы, кеш, есінеу

Жер жүзін топан су алса,
Ұйқысын үзер ол емес.

Ілмектер: ұйқы, топан су, парсы мақалы

Өзіңді құштарлық билесе, көзіңнен ұйқы қашар.

Ілмектер: құштарлық, ұйқы, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Шын ұнатсаң,
Басқасын қаламассың.
Шын ұйықтасаң,
Тасқа да қарамассың.

Ілмектер: шын, ұйқы, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Ұйықтап жатқан арыстанды неге оятасың?

Ілмектер: ұйқы, арыстан, ауған елінің мақалы, ауған мақалы