Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (426) Ұлағатты сөздер (1)

Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды.

Ілмектер: қой, қасқыр, қарғыс, қырғыз мақалы

Биттің ашуын сіркеден алады.

Ілмектер: бит, сірке, ашу, қырғыз мақалы

Шақырғаннан қалма,
Өздігіңнен барма.

Ілмектер: шақыру, қырғыз мақалы

Даладағыны тамда болжама.

Ілмектер: дала, болжау, там, қырғыз мақалы

Бөрі арығын бүлдірмес
Итке арқасын үрпитер.

Ілмектер: бөрі, ит, қырғыз мақалы

Жаман иттің іші түлкі қуғанда бұзылар.

Ілмектер: жаман, ит, түлкі, қырғыз мақалы

Бір ит көріп үрсе,
Бір ит көрмей үреді.

Ілмектер: ит, қырғыз мақалы, үру

Есің ауса, ешкі жи.

Ілмектер: ес, ешкі, қырғыз мақалы

Алалаған алсықа бармайды.

Ілмектер: қырғыз мақалы

Жалғыздығын жасырған көбеймейді.

Ілмектер: жалғыздық, қырғыз мақалы

Қалғып кетсең — көзіңе пайда,
Талғап ішсең — өзіңе пайда.

Ілмектер: денсаулық, көз, тамақ, қырғыз мақалы

Бай союға қой таппай,
Жатақтың лағын сұрапты.

Ілмектер: бай, қой, лақ, қырғыз мақалы

«Астапыралла!» дегеннің қазаны тез қайнайды.

Ілмектер: қазан, қырғыз мақалы

Екі қыршаңқы тойғанда табысар.

Ілмектер: табысу, қырғыз мақалы

Иесі лайық тап болса,
Қара күшік сақ болар.

Ілмектер: сақтық, күшік, қырғыз мақалы

Куәлі сөз – некелі қатын.

Ілмектер: неке, қатын, сөз, қырғыз мақалы

Қорқақ өз көлеңкесінен де қашады.

Ілмектер: қорқақ, қорқақтық, қырғыз мақалы

Болар бұзау тезегінен белгілі.

Ілмектер: бұзау, тезек, қырғыз мақалы

Жеткен желке жұдырықтар,
Жетпеген жел жұдырықтар.

Ілмектер: жел, қырғыз мақалы, жұдырық

Алыстағының аты озғанша,
Қораластың тайы озсын.

Ілмектер: ат, тай, озу, көрші, қырғыз мақалы