Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (20) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (4) Әзіл, анекдоттар (1)

Екі сұңқар таласса,
Бір қарғаға жем түсер.

Ілмектер: сұңқар, қарға

Тозған қазды
Топтанған қарға алады.

Ілмектер: бірлік, қарға, қаз

Қарға көзін қарға шоқымайды.

Ілмектер: қарға, көз

Жалғыздың күні шықпайды,
Жалғыз қарғаның үні шықпайды.

Ілмектер: жалғыз, қарға, ынтымақ, бірлік

Үйінің төбесіне қарға да қонбайды.

Ілмектер: үй, қарға, парсы мақалы

Құладын құласа,
Қарға көзін шоқиды.

Ілмектер: қарға, парсы мақалы

Қазбен таласқан қарғаның таңы айырылар.

Ілмектер: қаз, құс, қарға, талас

Қарғаның кәрісін кім айырар,
Қарғаштың өкпесін кім қайырар.

Ілмектер: қарға, өкпе

Бір қарға қыс әкелмес.

Ілмектер: қарға, қыс

Қасқыр жарып кеп салды,
Қарға қарық боп қалды.

Ілмектер: қасқыр, қарға, қырғыз мақалы

Қарғаны қаз қойғанмен,
Қи шоқығанын қоймайды.

Ілмектер: қарға, қаз, құстар, қырғыз мақалы

Ала қарғаны алты жыл бордақыласа да,
Сасық иісі сақталар.

Ілмектер: сасық, иіс, қарға

Жалғыз қарға жарымас.

Ілмектер: жалғыздық, қарға, қырғыз мақалы

Санасыз қара суға семіреді.

Ілмектер: сана, қарға, семіздік, қырғыз мақалы

Қарға қарқылдап ұшқанмен қаз болмайды.

Ілмектер: қарға, қаз, қырғыз мақалы, құстар

Қарғаның «қаңқ!» дегені өзіне қуаныш.

Ілмектер: қарға, қуаныш, қырғыз мақалы

Ала қарғада алажағың болсын.

Ілмектер: қарға, ала

Аушы кеткенде,
Қарға тордағы жемге қарайды.

Ілмектер: қарға, тор, жем