Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (21) Өлеңдер (55) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (143) Ұлағатты сөздер (168) Әзіл, анекдоттар (2)

Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.

Ілмектер: кеңес, тон, ел, халық

Көптің аузы - темір талқы.

Ілмектер: темір, ел, халық

Ел айырылса - көбіне,
Жол айырылса - кеңіне.

Ілмектер: ел, халық, жол

Көпті жылатқан көп жүрмес.

Ілмектер: ел, халық

Көпті сөкпе,
Кенді төкпе.

Ілмектер: ел, халық

Халық қартаймайды.

Ілмектер: халық, ел

Жалғыз жүріп жол тапқанша,
Көппен бірге адас.

Ілмектер: жалғыздық, көпшілік, халық, ел

Қалада халық бар,
Халықта ғұрып бар.

Ілмектер: қала, халық

Қайыр ет те, теңізге өт:
Халық білмесе,
Балық білер.

Ілмектер: қайыр, халық, балық

Есің барда елің тап.

Ілмектер: туған жер, ел, халық, отан

Халықтың қартын сыйлауы,
Еліңнің салтын сыйлауы.

Ілмектер: сый, құрмет, халық, қарт, ел

Алтын, күміс жауған жерден де
Туып-өскен ел артық.

Ілмектер: туған жер, Атамекен, Ел, Халық

Абыройды ақ отау жапты.

Ілмектер: Атамекен, Ел, Халық, абырой

Аспандағы бұлтқа қарама,
Жердегі жұртқа қара.

Ілмектер: жер, жұрт, бұлт, Атамекен, Ел, Халық

Айырылған ел азады,
Қосылған ел озады.

Ілмектер: Атамекен, Ел, Халық

Айырылған болсаң еліңнен,
Қуатың кетер беліңнен.

Ілмектер: Атамекен, Ел, Халық, қуат

Айырылсаң үйіріңнен,
Қолың кетпес бүйіріңнен.

Ілмектер: Атамекен, Ел, Халық

Адассаң, еліңмен адас.

Ілмектер: Атамекен, Ел, Халық

Арқадағы ноғайды
Қой бақтырған Құдай-ды.

Ілмектер: Атамекен, Ел, Халық

Айдап салдан аз өлді,
Көре келден көп өлді.

Ілмектер: Ел, Халық, аз, көп

Пікірлер